Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

мақала Искакова

Автор: admin от 4-01-2019, 00:51, посмотрело: 29

0 Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. " Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн "кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген. «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» - деген. Адамшылық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіріп, әрбір адам баласын «өз бауырым» деп ойлауы керек. Мейірімділік дегеніміз не? Мейірімділік – ол басқалардың игіліг үшін қамқор болу. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Ботаснан айрылған аруана сай-сүйегіңді сырқыратып, төбе құйқаңды шымырлатып боздағанын естідіңдер ме? Бір сәт елестетіп көріңіздерші. Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады. Қыз баланың адамгершілігі, тәрбиелілігі, сұлулығы сыртқы көрінісінен ғана емес, ішкі көрінісімен тең болу керек. Қазақ қыздарының нәзік жаны мейірімділік, қамқорлық аясында өсіп, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу мінезі қалыптасуы керек. Бала кезінен-ақ ата-анасын, бауырларын, ұстаздарын сыйлай білу, халқын, жерін, тілін, салтын қадірлеу өз шаңырағын ардақтай білу. Сонымен мейірімділік деген не? Мысалы: «Мейірім» әңгімесінде Қайсар ағай жымиып қойып, былай деді: - сол баланың қайырымдылығы, жанашырлығы, мейірімділігі есіме түскенде әлі де іштей елжіреп, тәрбиелі баланың өнегелі ісіне риза боламын. Сағынған жиендеріме барып, түннің бір уағына дейін әңгімелесіп, кеш жаттық. Таңға жақын тысырдан оянып кеттім, қарасам, әлгі үйдің 8-сынып оқитын Азамат деген жиеншарым көрпемді қымтап жауып жатыр екен, сірә үстім ашылып, тоңазып қалсам керек.Әй, содан кейін рахаттанып ұйықтадым –ау. Былай қарасақ, елеусіз ғана нәрсе сияқты, бірақ осының өзі адамның жүрегіне жылы тиіп, мейірімін оятады емес пе?- дейді Қайсар ағай. Халқымыз кашан да кайырымдылықтан кенде болмаған, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған. Бұл қасиет оның болмысының ажырамас құрамдас бөлігі болса керек. Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырым- дылық-көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қолындағы барымен көпшілікпен бөлісіп, тағдырдың тауқыметімен ғаріп күн кешкендердің алғысына бөленуден шексіз ләззат алып, қайырымдылық жасап жүрген, ата-бабаларымыздың игі дәстүрін жалғастырып жүрген жандар аз емес. Қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды. «Қолы ашықтың - жолы ашық» - деп атам қазақ бекер айтпаған. Осыған орай Байқоңыр қалалық мұрағатының ұжымы «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» акциясы шеңберінде қасиетті Рамазан айында тұрмысы төмен 3 отбасыларына қайрымдылық шарасын ұйымдастырып, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Шырша шаттығы. Жаңа жыл мерекесін барша бала асыға күтеді.Оның себебі, жаңа жыл сиқырға толы, бала арманының орындалатын ғажайып мерекелердің бірі болып саналады. Осынау ғажапқа толы сиқырлы мереке қарсаңында Алматы қаласы Жетісу ауданы «Нұр Отан» партиясы да шет қалмады. Қолындағы барымен көпшілікпен бөлісіп, олардың алғысына бөленуден шексіз ләззат алып,қайырымдылық жасап, ата-бабаларымыздың игі дәстүрін жалғастырып жүрген жандар аз емес. Қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды. «Қолы ашықтың-жолы ашық» деп қазақ атамыз бекер айтпаған. Осындай игі бастаманы қолына алып, балаларға шырша мерекесі қарсаңында шаттық сыйлаған Алматы қаласы Маслихат депутаты Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы. «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» деген екен дана халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру,жүректі нұрландыру арқылы адам жанынан әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді.Мейірімділік-ол басқалардың игілігі үшін қамқор бола білу.Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор бола білу дегенді білдіреді.Мейірімді адам әрқашан басқаларға көмекке келіп,әркез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Мереке қарсаңында Жетісу ауданы 21 мектебінен келген 42 оқушыға қыстық жылы киім мен аяқ киімді сыйлық ретінде берді. Жүрегі жылылық пен қамқорлыққа толы Қайрат Құдайбергенұлы әр баланың келешегінен зор үміт күтіп, болашақ өмірде өз орындарын таба білуге сенімді екендігін айтып,қанаттандырды. Өзінің балалық шағынан естеліктер айтып, өз ойымен бөліскен халық қалаулысы балаларға ағалық қамқорлық пен ақ батасын берді. Қайрат Құдайбергенұлынан сыйлық пен ақ батаны алған оқушылар мен ата-аналар шырша шаттығына бөленіп, қуанып ризашылықтарын білдірді. «Нұр Отан» партиясы мен Алматы қаласы Маслихат депутаты Қайрат Құдайбергенұлына игі бастамаларына ризашылығымызды білдіре отырып, келешек жұмыстарына толағай табыстар тілейміз! №102 ЖББМ әлеуметтік педагогі Искакова Г.Т.

Категория: Информация

 
 
 

Флешмоб «Сохраним природу!» в рамках акции «Определи свой Footprint»

Автор: admin от 15-11-2018, 21:45, посмотрело: 87

0 15.11.2018 году в КГУ ОШ №102  Жетысуского района города Алматы  по плану Жетысуского отдела образования и филиала партии «Нұр Отан» в рамках  программы «Рухани жаңғыру» и реализации проекта «Туған жер»прошел экологический флэшмоб "Сохраним природу", цель которого была напомнить учащимся о том, что необходимо  сохранять природу, бережно относиться  к ее ресурсам и природным богатствам,  не оставлять мусор после себя, наводить порядок  в местах  отдыха на природе.

Сегодня проблемы экологии выходят на первый план. Воспитание детей экологически грамотными даст в будущем возможность улучшить состояние окружающей среды. Важную роль в этом воспитании дает не только теоретическое изучение детьми основ экологии, как науки, но и практическая природоохранная деятельность детей. Экологические проблемы – глобальные проблемы, а значит, они затрагивают всех, и решить их можно только совместными усилиями. На это способны только экологически грамотные люди, осознающие свою ответственность перед потомками и окружающим миром. Поэтому экологическое образование, формирование экологической культуры приобретает всё большее значение. Необходимо чтобы экологическое образование сопровождало человека всю его жизнь.

Роль школы здесь трудно переоценить.

 

В флешмобе приняли участия ученики 4-7 классов, выходили со своими лозунгами и плакатами о природе. Таким образом, учащиеся показали свое неравнодушное отношениек экологическим проблемам природы. Организаторы флешмоба заместители директора Ауэлбекова Г.У. и Дараева Г.У.  вместе с вожатым Қали А. С. объяснили учащимся вклад каждого человека в сохранений природы.

 

Заместитель директора по ВР: Ауэлбекова Г.У.

Флешмоб «Сохраним природу!» в рамках акции   «Определи свой Footprint»
Флешмоб «Сохраним природу!» в рамках акции   «Определи свой Footprint»
Флешмоб «Сохраним природу!» в рамках акции   «Определи свой Footprint»
Флешмоб «Сохраним природу!» в рамках акции   «Определи свой Footprint»

 


Категория: Информация

 
 

ДАРЫН - БАР БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ

Автор: admin от 20-10-2018, 00:51, посмотрело: 63

0

ДАРЫН - БАР БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ

«№102 ЖББМ» КММ-де Жетісу ауданы білім бөлімінің жоспарына сай, «Нұр Отан» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 19.10.2018 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Тілеуберді Бинашевпен дөңгелек үстел өтті.

Күш атасы Қажымұхан мен қазақ әнінің ұлық анасы Күләштің мүсіндерін қашаған - Тілеуберді Бинашевті мүсінші болуымен қатар, дала философы деуге болады. Себебі мүсіншінің шығармашылық дарыны кең, мүсіндік композицияларының тақырыбы ауқымды.

Оның терең мазмұн мен ой-толғауға толы әрбір мүсіндік композициясы форма, пластика, шеберлік жағынан дара туындылар. Атап айтар болсақ, «Ана», «Жеті қазына», «Байырқұмның баласы», «Мелдеш құдығы», «Қараханның қайғысы», «Сырдария», «Жылан жылаған жыл», «Тығырық», «Көкпар», «Пана», «Отар», «Сырласу», «Үштік» т.б. Мүсінішінің шығармашылығынан туған жерге деген махаббатқа толы тыпыршыған жанды сезінесің. Рухани құндылыққа толы жұмыстары оқушыларымыздың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық құндылықтарды қалыптастырады.

Осы кездесудің алдында оқушыларымыз Тілеуберді Бинашев туралы жақыннан біліу мақсатында үйінен ашылған екі қабатты мұражайына экскурсияға барып қайтқан. Оқушылардың мұражайдағы көрмеден алған әсері, сәулетті кеңістіктер олардың шығармашылық дүниесіне көз қарастарының дұрыс бағытта қалыптасуна әсер етті. Дөңгелек үстелде мүсінші Тілеуберді Мелдешұлы оқушыларға шығармашылық дара жолының қызықты тұстары жайлы әңгімелеп берді.

Қызықты сұқбат барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Кездесу соңында Тілеуберді Мелдешұлы мектеп әкімшілігіне ризашылығы мен алғысын білдіріп, өзінің кітабын мектеп кітапханасына тарту етті.

 

ДАРЫН - БАР БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ
ДАРЫН - БАР БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ
ДАРЫН - БАР БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ
ДАРЫН - БАР БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫДТІЖО: Ауэлбекова Г.У.

 

Категория: Информация

 
 

Мұғалімнің беделі - мемлекеттің абыройы

Автор: admin от 1-10-2018, 03:48, посмотрело: 116

0

Мұғалімнің беделі - мемлекеттің абыройы

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі.

К. Д. Ушинский


Әр мемлекеттің болашағының іргетасын қалаушылардың бірі – ұстаз. Ұстаз сапалы білім мен саналы тәрбие берумен қатар болашаққа бағыт-бағдар беруші тұлғалардың бірі десек қателеспейміз. Көшбасшымыз Н.Назарбаев "Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттың қадір-қасиетін, мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз" деген болатын.

Ұстаз білім беру үдерісінің маңызды бөлігін құрайды. Жаңа форматтағы мұғалім талапқа сай білімдерді меңгеріп, өз дағдылары мен жаңа әдістерін жетілдіріп отырады. Ол қазіргі педагогикалық қызметтің жағдайлары мен факторларына шолу жасайды, оның мақсаттары мен міндеттерін айқындайды және нәтижелерді болжайды.

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батырыБауыржан Момышұлы"Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Алматы қаласы, Жетісу ауданы «102 ЖББМ» КММ-де білім - тәрбие беру жүйесіде атқрылып жатқан жұмыстар нәтижелері заман талабы ағымында жүріп жатқанын көрсетеді. Мектеп оқушыларының жетістіктері жұмыстың жүйелі түрде алып барылып жатқанын көрсетеді. Соңғы жылдар ішінде мектепбіміз барлық қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, күнделікті ағымдағы кезек күттірмейтін сан түрлі іс-әрекеттердің бел ортасында, қызу еңбек майданында шыңдалып, білім алу баспалдағының сан белесін бағындырып келеді.
Ұлыларымыздан қалған ұлағатты сөздің бірі «Мектеп–кеме, білім–теңіз» десек, осы теңіз төрінде мектебіміз мінген кемесін құлатпай, терезесі тең қалыпта ұстап, бүгінгі ұстазға қойылар жаңа талап, инновациялық үрдістерді өз іс тәжірибесінде қолданып, мектеп мұғалімдері білімін жетілдіріп, толықтырып отыр. Оған дәлел, оқушыларымыздың Жетісу аудандық білім бөлімі, «Нұр Отан» партиясының мектепшілік жоспарларына сәйкес көптеген сайыстар мен жобаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жатыр. Бұл оқушыларымыздың мектепте алып жатқан тәлім-тәрбиенің бет бейнесі. Еткен еңбек, төккен тер ешқашан бағасыз болмақ емес, осы тұрғыда оқушыларымыз бен ұстаздарымыз еңбегіне берілген марапат пен бағалау да әрқайсысының келешекке деген ұмтылысын, жұмысқа деген жігерін қанаттандыра түскені сөзсіз. Атап айтсақ, 2017-2018 оқу жылындағы ҰБТ нәтижесі бойынша орташа балл -108, 6 сынып оқушысы Абдиракин Асель Алматы қаласы IT университетінде өткен I халықаралық Bilgen Alaman пәнаралық оилпиадасында математика пәнінен қатысып I орын иеленді, Гаппаров Ильхам 9-сынып оқушысы Азия Чемпионатында қол күресі бойынша 3-орын иеленді, Яксембай Диана «Жеңіспен келген көктем» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Нұрлы жастар- өнер орталығы» ұйымдастырған Республикалық байқауында «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша 2-дәрежелі дипломмен марапатталды, «Бақытым Халқым менің»татты М. Мақатаев құрметіне арналған фестивалінде «Вокал» жанрында 1-орыниеленді, «Табиғат білгірлері» атты КВН ойын байқауында 2- орын, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы білім беру ұйымдарының 10-11 сынып арсында өткен «Менің бизнес жоспарым» қалалық байқауында Батырбеков М. 3- дәрежелі дипломға ие болды, «Жарқын болашақ» X аудандық қазақ тілі олимпиадасында «Сөз шеберлері» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Ажахмет Ақниет 1- орын иеленді және тағы басқалар. 2018-2019 оқу жылы басы «Нұр Отан» партиясы белгілеген бағдарламалар мен тапсырмаларды жүзеге асыруда танытқан жоғары белсенді қызметі мен «Үздік бастауыш партия ұйымы» Республикалық байқауының Алматы қаласы бойынша өткізілген іріктеу сайысында қол жеткізген озық тәжірибелері мен нәтижелері үшін 1 сантаттағы (100-ге дейінгі партия мүшесі бар) «ЕРНАР» партия ұйымы – «102 ЖББМ» КММ- сі ұжымы III- орын иегері атанды. Мектеп директоры Кержикеева Д.Р. ны Алматы қаласы әкімі, «Нұр Отан» партиясы алматы қалалық филиалының төрағасы Б. Бәйбек салтанатты түрде марапаттады.

Мұғалімнің беделі -  мемлекеттің абыройы


	

Осы жетістіктерге мектебіміз ұлы Абай атамыз айтқандай: "Талап, еңбек, терең ойдың” арқасында жетіп келеді.

Жақандану заманындағы мұғалімдер жаңашылдыққа ашық, болашаққа талыпынысы шексіз. Бірақ білім беру мен тәрбиелеудің дәстүрлі әдістерін ұмытпаған да жөн. Себебі егер мұғалім мен балалардың арасында шынайы қарым-қатынас, диалог болмаса, мұғалім өз қамқоршыларын сезінбесе, ешқандай жаңа технология, инновация оқушыға барлық нәрсені білмейді.

 

Мектептің абыройын аспандатып, жалпы бала тәрбиесіне,білім беру ісіне асқан құлшыныспен кірісіп, үнемі еңбектеніп жүретін ұстаздарымыз аман болсын! Әр ісі үлгі, ұлағатты ұстаздарға – мың тағзым етсең де артық емес-ау сірә!

                                           Мұғалімнің беделі -  мемлекеттің абыройы

Құрметті де қадірменді ұстаздар қауымы әрдайым еңбектеріңіз жанып, осы бір ұрпақ алдындағы ауыр міндеттеріңіздің ылғи да жемісін көре беріңіздер! Ұстаздар күні құтты болсын!

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ауэлбекова Г.У.

 

 

 

 

Категория: Преподователи, Традиция школы

 

"Өз балаңа үлгі бол" атты ата-аналар конференциясы

Автор: admin от 23-09-2018, 07:11, посмотрело: 1276

0

 

"Өз балаңа үлгі бол" атты ата-аналар конференциясы

 5-7 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек

22.09.2018 ж. Алматы қаласы Жетісу білім бөлімі және Отбасылық тәрбиелеу институты жоспарына сай  «102 ЖББМ» КММ-де  5-7сынып ата-аналарына психологиялық- педагогикалық  көмек беру мақсатында конеренция ұйымдастырылды.

"Өз балаңа үлгі бол" атты ата-аналар конференциясы

Конференцияны мектеп директоры Кержикеева Д.Р. ашып берді. ББЖ КБАРИ білікті маманы Ыбышева А.С. конференция қонағы болды.

 

Конференцияны мектеп психологы Базарғалиева Н.Ә. және ДТІЖО Ауэлбекова Г.У. жүргізді.

Адам баласы-өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе оның балалық шағында және мектеп жасында да тіпті ауадай қажет деп айтса да болады. Бала бойындағы психологиялық ауыр өзгерістердің негізгі себебі бала тәрбиесінен хабары шамалы, бала психологиясын естіп көрмеген ата-аналарда кездеседі. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да, қызықты сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітуді қолданады. Ең бірінші психологиялық-педагогикалық көмектің бағдары- ата- аналарға бала тәрбиесінде білікті көмек көрсету, жасөспірімдердің жас ерекшелігіне байланысты дұрыс бағыт беру, ата-ананың жасөспіріммен қарым-қатынасын сауықтыру болып табылады.

"Өз балаңа үлгі бол" атты ата-аналар конференциясы
"Өз балаңа үлгі бол" атты ата-аналар конференциясы
"Өз балаңа үлгі бол" атты ата-аналар конференциясы
"Өз балаңа үлгі бол" атты ата-аналар конференциясы

 

Категория: Информация

 

Семинар «Интерактивные технологии обучения при переходе на обновленное содержание среднего образования РК: проблемное обучение» для заместителей директоров школ по учебной работе.

Автор: admin от 21-09-2018, 11:11, посмотрело: 102

0

21 сентября, 2018 г. Республиканский институт повышения квалификации педагогических кадров системы образования РК совместно с Управлением образования г. Алматы на базе КГУ ОШ №102 города Алматы,Жетысуского района провели семинар на тему: «Интерактивные технологии обучения при переходе на обновленное содержание среднего образования РК: проблемное обучение» для слушателей курса «Управление инновационным развитием школы в условиях обновления содержания образования» РИПКСО.

 


 

Цель: обмен опытом при переходе на обновленное содержание среднегообразования РК.

В работе семинара принималиучастие заместители директоров школ поучебной работе из разных регионов Казахстана. Общее количество участников семинара – 26педагогов.

Ответственный: заместитель директора школы по воспитательной работе КГУ ОШ № 102 Ауэлбековой Г.У.

 


В ходе семинара участники рассмотрели трех аспектов педагогического образования обновленной образовательной программы школы и определили цели их применения. Также, обсудили проблемы и барьеры, возникающие в процессе внедрения обновленного содержания среднего образования.

 

 

В частности, вопросы внедрения проблемного обучения дляповышения качества оценки учебных достижений учащихся. В завершении семинарапровелипредположительную оценку уровня сформированности профессиональных навыков учителей и спланировалиплан действий по развитию методической компетентности педагогов в рамках внедрения обновленного содержания образования.

Семинар «Интерактивные технологии обучения при переходе на  обновленное содержание среднего образования РК: проблемное обучение» для заместителей директоров школ по учебной работе.

 

Семинар «Интерактивные технологии обучения при переходе на  обновленное содержание среднего образования РК: проблемное обучение» для заместителей директоров школ по учебной работе.

 

Семинар «Интерактивные технологии обучения при переходе на  обновленное содержание среднего образования РК: проблемное обучение» для заместителей директоров школ по учебной работе.

 

Семинар «Интерактивные технологии обучения при переходе на  обновленное содержание среднего образования РК: проблемное обучение» для заместителей директоров школ по учебной работе.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Традиция школы

 
Назад Вперед