Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Өмірге құшатрлық алға жетелейді

Автор: admin от 4-11-2018, 20:20, посмотрело: 10

0

Өмірге құшатрлық алға жетелейді.

Алматы қаласы Жетісу ауданы 102 жалпы білім беретін мектеп базасында 25 қазан күні «Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмаған балалар арасында суицидті мінез-құлықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларынаарналған біліктілік арттыру курсының аясында ұйымдастырылған көшпелі тәжірибе сабағы болып өтті. Семинарды мектеп директоры Кержикеева Данагүл Рысбайқызы құттықтау сөзімен ашты. Семинар бағдарламасымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Маханбетова Ағима Абиловна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарыныңкандидаты көшпелі тәжірибелік сабақтың мақсат, міндеттерімен таныстырды және өзі бастаған Республикамыздың түрлі аумақтарынан келген біліктілікті арттыру курсы 18 тыңдармандары осы семинардабүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп, қоғам дертіне айналып отырған кәмелетке толмаған балалар арасында суицидті мінез-құлықтың және зорлық-зомбылық мәселесін жан-жақты талдап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дараева Гулхан Умаржанқызы «Мектеп бойынша аутодеструктивті мінезқұлықтың алдын алу барысы бойынша жүргізілетін тәрбиелік жұмыстар» тақырыбында дәріс оқып, шеберлік тренинг көрсетсе, Сапаров Жандос Сұлтанбайұлы, Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы Д.Қонаев атындағы №122 ЖОМ директорыың оқу ісі жөніндегі орынбасары «Мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру» шеберлік сабағын көрсетті. Нұрсұлу Қошқарқызы Жұманбаева, Түркістан облысы, Түркібасы ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, А.С.Пушкин атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Сынып жетекшілері жұмысын тиімді ұйымдастыру» бойынша тиімді енгізулермен бөліссе, Кушалиева Гулмира Шабанбаевна, Алматы қаласы, №26 ЖББМ диркторының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Кәмелетке толмағандар арасында деструктивті мінезқұлықтың алдын алу жұмыстарының негізгі деңгейлері» бойынша шеберлік сағатын көрсетті. Семинарда №102 ЖББМ КММ педагог-психологы Базарғалиева Назерке Әсемханқызы «Өзіңізге құрметпен, өмірге махаббатпен қарайық» тренинг ұйымдастырды. Жағдайаттық ойындар өткізіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күймен жағымды әсер сыйлады.

 

Республикалық тәжірибе семинары екі жақты пікір мен тәжірибе алмасумен қорытындыланды. Семинар қатысушыларға тәжірибелерін дамытуға, кәсіби біліктіліктіліктерін молайтуға зор үлесін қосты десек болады.

«№102ЖББМ» КММ

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ауэлбекова Г.У.

 

 

Категория: Традиция школы

 
 

Елбасы жолдауы мектепте талданды

Автор: admin от 15-10-2018, 21:49, посмотрело: 21

0

Елбасы жолдауы мектепте талданды

 

15 қазан күні «№102 ЖББМ» КММ-де Жетісу ауданы «Нұр Отан» филиалының төрағасы Омаров Мұрат Сағатовұлы мектеп ұжымымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 5 қазанғы жолдауын талқылады. Қали Ақылбек пен Сабырханова Таңшолпан «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты жолдаудағы маңызды мәселелерді ұстаздар қауымына таныстырды. Халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат құру, тиімді сыртқы саясат, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үрдістеріне атсалысуы мәселелерінжүзеге асырудағы мектептің өзіндік орны мен атқарылып жатқан жұмыстары атап айтылды.

Елбасы жолдауы мектепте талданды

Елбасы Жолдауында әлеуметтік саладағы басым бағыттар түгел қамтылды. Оның ішінде ұстаздарға қатысты бірнеше тың бастама болды. Оның бірі ұстаз мәртебесі туралы заң болса екіншісі, тұрғын үйге қатысты жасалатын жеңілдіктерді айтуға болады. Кездесу барысында Мұрат Сағатұлы мұғалімдердің қал жағдайларын сұрап, ойларында жүрген маңызды сұрақтарға тоқталды.

Елбасы жолдауы мектепте талданды

Соның ішінде аса маңызды мәселенің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорлықсыз ел – гүлденген жер» , «Жастар Отанға», «Ардагерлерді ардақтайық» бағдарламаларының алып барылуы мектеп оқушыларының бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерді қалыптастыратынын да айтып өтті. Мектеп директоры Кержикеева Д.Р. мектебімізде айтылған бағыттарда кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын, мектеп ұжымының білім беру мен тәрбие бағыттарында бір жағадан бас шығарып әрекет етуінің арқасында жақсы нәтижелерге жетіп жатқанымызды айтты.

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Ауэлбекова Г.У.

 

 

Категория: Традиция школы

 
 

«Жақсы сөз-жарым ырыс»

Автор: admin от 14-10-2018, 21:17, посмотрело: 20

0 «Жақсы сөз-жарым ырыс» №102 ЖББМ КММ 2018 жылғы 11-12 қазан күндері, 172 мектеп –гимназия базасында өткізілген Өзін-өзі тану пәні бойынша олимпиадаға мектеп оқушылары қатысып жүлделі III-орынға ие болды «Жақсы сөз-жарым ырыс» «Жақсы сөз-жарым ырыс» Мектебіміз өзін-өзі тану бағытында оқушылармен күнделікті жұмыс атқарып жүрген Базарғалиева Н.Ә. еңбегі ерен. Оқушылардың көңіліне жол табуда және олардың ішкі дүниесінің рухани құндылықтарды қалыптастыруда Назерке Әсемханқызының еңбегі зор. Адамгершілікке,кішіпейіліділікке, жақсы сөйлеу білу әдебін үйрену, әр сынып оқушыларының жылы лебіздерімен өзара бөлісу. Дұрыс әрекет жалпыадамзаттық құндылық ретінде жеке тұлға бойына жақсы сөздер арқылы сіңіру Жеке тұлға бойына дұрыс әрекеттерге тән қасиеттерді қалыптастыру Қорытынды. «Екі жұлдыз бір тілек». Бірінші жұлдыз: мектебімізде жақсы тілек тілеу ойынын ойнатқаныңыз үшін беріледі, екінші жұлдыз көңіл күйдегі шаттық пен қуанышты сәттер жақсы сөйлеу әдебін сіңіргеніңіз үшін беріледі. Бір тілек жақсы тілек, әдепті сөйлеу адамгершілік қасиеттер әр тұлға да қалыптасса екен. «Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі болып табылады. Назарбаева Сара Алпысқызы. «Жақсы сөз-жарым ырыс» Дұрыс әрекет - жүректен шығып,сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық. Сіз өзіңізге сақ болуыңыз керек. Ішкі, сыртқы сезіміңізге жиі құлақ салыңыз. Өз сезіміңізді ашық ұстай білсеңіз өмірде дұрыс жолмен келе жатқаныңызды байқайсыз. Өмір - ол ойын. Кейде қатал, кейде қайғылы болады. Сол ойын арқылы ғана үйренеміз. Біз өз өміріміздің жауапкершілігін өз қолымызға алуымыз керек. Ішкі сезімімізге үңіліп ойымызды өзгертсек,қоршаған ортада өзгерер еді. Сіз ойлағаныңызға жетуіңіз үшін, қылығыңыз бен ойыңызды өзгертуіңіз керек. Әр сабақ сайын баланың бойынан құндылықтарды шығара білуіміз керек. Бұнда балалардың бойынан дұрыс әрекетке, риясыз жақсылық жасауға, дұрыс ойлауға, дұрыс сөйлеуге, парызды орындауға ризашылық алуға, дұрыс шешім жасауға, қанағат етуге, әдеп сақтауға, қарсыласпай, іштей икемделуге үйретіп қана қоймай ізгілікті бойынан шығара білуіміз керек. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ауэлбекова Г.У.

Категория: Традиция школы

 

«Осень раскрасавица»

Автор: admin от 14-10-2018, 21:02, посмотрело: 20

0

По плану Жетысуского районного отдела образования и по инициативе Жетысуского районного филиала «Нұр Отан» в рамках декады посвещщенному международному Дню девочек учительница начальных классов КГУ «ОШ№102» Аккамиева Г.Б. провела интеллектуальное позновательное мероприятие «Осень раскрасавица»

«Осень раскрасавица»

В связи с ежегодным проведением Международного дня девочек в соответствии с решением Генеральной Ассамблеи ООН, в целях формирования здорового и ответственного родительства, привлечения внимания общественности к социальным вопросам  с девочками. В этот праздник призывают общество обратить внимание на социальные проблемы и нравственность девочек.

«Осень раскрасавица»
«Осень раскрасавица»

 

В связи с этой примечательной датой в нашей школе 12 октября проводился праздник среди 1-4 классов «Осень раскрасавица».

«Осень раскрасавица»
«Осень раскрасавица»
«Осень раскрасавица»

 

С раннего утра в школе царит праздничная атмосфера. Все девочки школы приняли участие в проекте «Преображение». Девочки с родителями, творили чудеса, своими руками создовали костюмы, поделки из природных материалов . Каждая девочка чувствовала себя настоящей принцессой. Для девочек и гостей прошел праздничный концерт, где сами девочки и мальчики читали стихи и пели песни.

«Осень раскрасавица»
«Осень раскрасавица»

 

 

 

Заместитель директора по воспитательной работе: Ауэлбекова Г.У.

 

 

Категория: Традиция школы

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мектепте қалыптасады

Автор: admin от 8-10-2018, 20:31, посмотрело: 34

0

18 қыркүйек күні Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасы бойынша Алматы қаласы, Жетісу ауданы «102 ЖББМ» КММ-де «Нұр Отан» партиясы Жетіу аудандық филиалы басшылығымен кездесу өтті.
Кездесуде 2018-2019 «Адал ұрпақ» клубының мектепшілік жұмыс жоспарымен таныстырылды. «Адал ұрпақ» клубы еріктілерінің, сонымен қатар мектеп кітапханасында «Парасатты азамат» бұрыштары ұйымдастырылып, оқушылар арасында «Өз құқығымызды білеміз бе?» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілуі жоспарланды. Осы бағыттар бойынша партия мүшелері оқушыларды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңымен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мектепте қалыптасады

«Тәрбие – тал бесіктен» деген мәңгілік ұғым­ның бала бойында қалыптасуы үшін, «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген дана сөзді тірек етіп, балаларымызды таза­лық пен адалдыққа қазірден тәрбие­лесек, ертеңгі күні сол ізгі қасиеттерді дарытамыз.

«Адал Ұрпақ» клубының жұмысы нәтижесінде оқушыларда келесі құндылықтар қалыптасады:

1) рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие;

2) оқушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімі артады;

3) оқушылардың саяси-құқықтық білімі негізі қалыптасады;

4) оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздері қалыптасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мектепте қалыптасады

Жас ұрпаққа мектеп қабырғасында беріліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жұмыстары адал, өз ісіне берік, жауапкершілігі мықты азаматтарды қалыптасты­рады.


ДТІЖО Ауэлбекова Г.У.

Категория: Традиция школы

 

«Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» атты дөңгелек үстел

Автор: admin от 8-10-2018, 20:29, посмотрело: 21

0

«Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» аттыдөңгелек үстел


Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Нұр Отан» партиясы және Жетісу ауданы Білім бөлімінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылғы арналған кешенді жоспарлары негізінде «102 ЖББМ» КММ бекітілген жоспарына сәйкес мектепте оқушылар арасында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес мектептің 5-ші-11-шы сынып оқушылары арасында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубында жастардың бойында жауаптылық, бастамашылдық, патриоттық сынды қасиеттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында іс-шаралар атқарылуда. Атап айтсақ 7 қазан күні 10-11 сынып оқушылары арасында «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

«Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» атты  дөңгелек үстел

Осы іс-шараның мақсаты: Мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шара барысында оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сыбайлас жемқорлықтың алдын алатынын атап өтті. Сыбайлас жемқорлық қауіпті, себебі қоғамға және қоғам мүшелеріне материалдық және өзгеде зиянын тигізеді.

«Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» атты  дөңгелек үстел

Іс-шара соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен қалай күресуге болатынын және қандай шаралар қабылдауға болатыны туралы ой-пікірлерімен алмасты.

ДТІЖО Ауэлбекова Г.У.

Категория: Традиция школы

 

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

Автор: admin от 4-10-2018, 02:25, посмотрело: 30

0

Ұстаз мерекесі шуақты мереке

Алматы қаласы Білім басқармасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 5-11-5/ 3391-і хаты негізінде, Жетісу ауданы «102 ЖББМ» КММ-де «Ұстаздар күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті. Мектеп оқушылары 11 сынып оқушылары бастауымен Ұлағатты ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, керемет концерттік бағдарлама арнады.

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

Барлық мамандықтың анасы ұстаз екенін ескерсек, айтулы күні мектеп мұғалімдері төл мерекелеріндебас қосты.

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

Олардың арасында осы салада еңбек еткен ардагерлердің орны ерекше болды. Ұлы мамандық иелері ұстаз ардагерлер Фахрутдинова Г.А. және Бирюкова Л.М. зор құрметке бөленді. 11- сынып оқушылары барша ұстаздарды кәсіби мейрамдарымен құттықтап жылы лебізін білдірді.

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

6, 11 сынып оқушыларының хорлық арнауларыұстаздардың төбесін көкке жеткізгендей болды.

Салтанатты шараға «Краски шау» өз репертуарларымен қатысып, еңбегі ерең ұстаздарға әндері мен сахналық көріністерін арнады.

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

Атап айтсақ, 7- сынып оқушы қыздары гимнастикалық стильдегі билерін, ал ұлдары «лезгинка» тарту етсе, 5-сынып оқушысы Юй Давид қытай тілінде «Ұстазға тағзым» әнін орындады.

Ұстаз мерекесі – шуақты мерекеҰстаз мерекесі – шуақты мереке

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

Халықаралық жұптық бал билері чемпиондары Игнотенко Стас және Прудько Валерия «ЧА-ЧА», «Джайф», «Джамбо» жұптық билерімен , 11-сынып оқушысы Омарбай Ерасыл синтезаторда жанға жағымды классикалық күйлерімен көрермендерді тәнті етті.

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

 Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

10-сыныпоқушылары ұстаздың бір күндік өмірінен қойылым қойып, ұстаздың мәртебесін асқақтатуға өз үлестерін қосты.

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

Мерекелік шарада барлық ұстаздардың көңіл күйі ерекше көтеріңкі болды. Мектеп оқушылары арнаған ән, би, күйлері шараның көтеріңкі рухпен өтуінің кепілі боды. Ал мұғалімдер өз кезегінде ризашылықтырын жеткізді.

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

Осылайша ұстаздарымыз төл мерекелерін жоғары деңгейде атап өтті. Ұстаздар әрі қарайда ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуге өз үлестерін қосып, үлгілі шәкірттерді тәрбиелеп өсіруге ат салыса бермек.

 

Төл мерекелеріңіз құтты болсын Ұстаздар қауымы.

ДТІЖО Ауэлбекова Г.У.

 

 

 

 

 


 

 

 

 

Категория: Традиция школы

 
Назад Вперед