Жаңа жылдың сиқыры.....

Автор: admin от 25-12-2018, 22:31, посмотрело: 32

0
Жер бетіндегі әр бір бала Жаңа жыл мерекесінің сиқыры бар екеніне кәміл сенеді. Осы мереке қарсаңында ерекше сезіммен арман-тілектерінің жүзеге асуын тағатсыздана күтеді. Алматы қаласы әкімі Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек бүлдіршіндердің қиалы армандарына қанат бітіріп, дәстүрлі Жаңа жыл шыршасына шарлады. Бұл іс-шараға Жетісу ауданы мектептерінің де 110оқушылары да қатысып, керемет сезімге бөленді. Бүлдіршіндер цирктің жаңа жылдық ертегісін тамашалап, сайқымазақ, әуе акробаттарының, «Аспан» би ұжымының және басқа өнерпаздардың қойылымдарына тәнті болды. Ақылды жануарлардың шынайы қойылымдары мен ертегі кейіпкерлері балаларға көтеріңкі көңіл-күймен шаттық сыйлады. Жетісу ауданы Білім бөлімі осындай ізгі шараны жүзеге асыруда белсене ат салысып, ауданның барлық оқушыларына Жаңа жылдық шаттықты үлесуді жалғастыруда.
Жаңа жылдың сиқыры.....
Жаңа жылдың сиқыры.....
Жаңа жылдың сиқыры.....
Жаңа жылдың сиқыры.....
Жаңа жылдың сиқыры.....

Балаларды циркке алып барып келуде көлікпен, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікпен қамтамасыз еткені үшін мектеп оқушылары Жетісу ауданы әкімі М.И. Тәжібаевқа ерекше алғыс білдіруде.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Ауэлбекова Г.У.

шаблоны для dle

Категория: Традиция школы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.