01
қыркүйек
2019
«№102 ЖББМ» КММ-де алғашқы қоңырау соғылды
Күмбірлетіп кеудесінде асқақ әні,
Ұстазды қадірлейді жаста, кәрі.
Білімнің биігіне басқан қадам,
Алғашқы қоңыраудан басталады.
Ұстазды қадірлейді жаста, кәрі.
Білімнің биігіне басқан қадам,
Алғашқы қоңыраудан басталады.
Оқушылардың ала жаздайғы асыр салып ойнаған, бірі қалаға, бірі демалыс орындарына барып тыныққанмерзімдері аяқталып, жаңа оқу жылы басталды. Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым. Сондықтан да халқымыз қашан да білімнің парқын түсіне білген.Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек –«Білім күні» мерекесінде «№102 ЖББМ» КММ-де салтанатты жиын өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды.