04
ақпан
2021
3 ақпан күні «Өзін-өзі тану «Махаббат пен шығармашылық» апталығының аясында 7-10 сынып оқушылары арасында «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында мектепішілік эссе байқауы өткізілді.
Эссе байқауына 15 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлделі орынға ие болып, аудандық байқауға ұсынылды. Жүлделі 1 орын: Бексұлтанова Лейла 7 «А» сынып оқушысы, 2 орын Букибаева Сабина 9 «Б» сынып оқушысы, 3 орын Ақкөл Махаббат 7 «А» сынып оқушысы.