14
тамыз
2025
«Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің көмегімен Алматыда 1,5 мыңға жуық тәуекелді төлемді анықталды
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің көмегімен Алматыда 1,5 мыңға жуық тәуекелді төлемді анықталды
«Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі Алматы қаласындағы мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырған мыңнанастам тәуекелді төлемді анықтады. Бұл туралы бюджеттікбағдарламалар әкімшілері мен құқық қорғау органдарыныңқатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте айтылды.
Аталған іс-шараны Алматы қаласы бойынша Ішкімемлекеттік аудит департаменті ұйымдастырды. Кеңейтілген кеңеске ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментініңПревенция басқармасының басшысы, Алматы қаласыпрокуратурасының жалпы қадағалау басқармасының ағапрокуроры, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерібасшыларының орынбасарлары, мектептердің, гимназиялармен лицейлердің директорлары және бас бухгалтерлеріқатысты. Бұл бюджетті орындау тиімділігі мен қаржылықтәртіпті сақтау мәселелерін жан-жақты талқылауғамүмкіндік берді.
Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ақпаратына сүйенсек, білім беру саласындажалпы сомасы 660,1 млн теңге болатын 998 тәуекелді төлеманықталды. Бақылау іс-шаралары нәтижесінде 76,4 млн теңге (тексерілген көлемі - 11,6%) бюджет қаражатыныңмақсатсыз пайдаланылғаны белгілі болды. Қазір бұлқаражатты мемлекеттік бюджетке қайтару шараларыжүргізіліп жатыр. Оның ішінде 16,8 млн теңгенімемлекеттік ұйымдар өз еркімен қайтарды.
Мысалы, жіберілген хабарламалар арқылы ШоқанУәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясы17,5 млн теңгені бюджетке толық қайтарды. Ал №69 мектепжүргізілген тексерулер нәтижесінде 35,1 млн теңгесомасындағы кемшіліктер бойынша қаражаттыңқайтарылғанын растайтын түбіртектерді ұсынды. Алайдаұсынылған құжаттардың шынайылығы күмәнтуғызғандықтан, тиісті материалдар толықтай Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексерудепартаментіне құқықтық баға беру мен әрмен қарайтексеру үшін жолданды.
Өткізілген мониторинг нәтижелеріне байланыстықабылданған директивалық шаралар аясында Алматы қаласының Білім басқармасы келесі шешімді қабылданды:
* Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылғангимназияның директоры мен бас бухгалтерін қызметтенбосату;
* №69 жалпы білім беретін мектеп директорынақызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны жәнебұзушылықтарға жол бергені үшін қатаң сөгіс берілді.
Мәдениет саласында тәуекел мәртебесі бар 135 шот бойынша жалпы сомасы 113,3 млн теңге болатын 5 хабарлама жолданды. Талдау нәтижесінде 2,2 млн теңге(1,94%) бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылғаныәшкереленді. Аталған қаражат толықтай бюджеткеқайтарылды.
Денсаулық сақтау саласында жалпы сомасы 88,7 млн теңгені құрайтын 87 тәуекелді шот тіркелді. Жауаптықұрылымдарға 4 хабарлама жолданды. Ұсынылған құжаттарнегізінде барлық операцияның заңдылығы дәлелденіп, шоттар тәуекел санатынан шығарылды.
Спорт саласы бойынша жалпы сомасы 75,9 млн теңгеге75 шот тәуекелді ретінде белгіленді. Тексеру барысында 2 хабарлама жолданды. Құжаттар негізінде операциялардыңзаңдылығы расталып, шоттар тәуекел тізімінен алыныптасталды.
Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті превентивті бақылауды күшейту, тәуекелдердібасқару жүйесін жетілдіру мен ішкі қаржылық бақылаудыңтиімді тетіктерін дамыту бағытында жүйелі әрі дәйектіжұмысты жалғастыратын болады.