04
маусым
2025
«Жеті қазына» этно лагері балалары өз жұмысын жалғастыруда
[spoiler]04.06.2025 жылы «Жеті қазына» этно лагері балалары өз жұмысын таңғы сергіту жаттығуымен бастады. 4-маусым-Мемлекеттік рәміздер мерекесі қарсаңында лагерь балалары мерекеге орай флешмоб, сурет салу, өлең шумақтарын айту, «Кім тапқыр?» сұрақ-жауап әдісі арқылы өз білімдері мен біліктерін ортаға салды. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет, мақтаныш сезімі әр бала жүрегінде орын алды. Сұрақ-жауап жұмысы бойынша өздерінің мемлекеттік рәміздер жайлы білетіндерін ортаға салды. Мереке қарсаңында балалар Алматы облысы Есік қаласында орналасқан мұражай мен «Көкқұтандар» фермасына саяхатқа шықты. Мұражайда оқушылар «Алтын адам» сақ жауынгері, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен мәлімет алды. Есік қорғаны жайында мәліметтермен танысты. Обадағы қазба жұмыстарын көріп тамашалады.Мереке қарсаңындағы саяхат пен көкқұтандар фермасына саяхат балаларға жақсы көңіл күй сыйлады.





