25
желтоқсан
2025
Жаңа жыл - 2026
Алматы қаласы Жетісу ауданы Білім бөлімі мен Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Әлкебайұлы Даниярдың ұйымдастыруымен 102 жалпы білім беретін мектептің 38 оқушысы аудан әкімінің жаңа жылдық шырша мерекесіне қатысып, көтеріңкі көңіл күймен, жарқын әсер алып, тамаша сыйлықтарға ие болып қайтты.Мерекелік іс-шара барысында балалар үшін мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, қызықты қойылымдар, көңілді ойындар мен концерттік нөмірлер ұсынылды. Оқушылар мерекеден ерекше қуанышқа бөленіп, шаттық пен бақытқа толы әсер алды.
Аталған шара жас ұрпақтың рухани дамуына, бақытты балалық шақтың жарқын естеліктерін қалыптастыруға, сондай-ақ балаларға мерекелік көңіл күй сыйлауға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
Осындай тағылымды іс-шаралар балалардың болашағына деген сенімін арттырып, олардың қоғамға деген сүйіспеншілігін нығайтады.