04
қазан
2023
Құрметті, Ұстазым! Сізді бәріміздің қамқоршымыз, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы болғаныңызды мақтан етеміз!
Құрметті, Ұстазым! Сізді бәріміздің қамқоршымыз, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы болғаныңызды мақтан етеміз!
Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, бізді сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылыңызбен тәрбиеледіңіз, әрқайсымыздың өмірді өз орнымызды табуымыз үшін берген ақыл-кеңестеріңізге, бізді ел қатарына қосқаныңызға мың да бір рахмет айтып, шәкірттік ықыласымызды білдіргіміз келеді. Үлкен биікке қол жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегеніңіз үшін біз сізге әрқашан қарыздармыз.
Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап шәкірттердің бойына жеткізе білгеніңізбен қатар, бойыңыздағы бар жинап-терген біліміңізді оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білдіңіз, балаларыңыздың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еттіңіз. Ол арманыңыз өзіңіздің ерен еңбегіңіздің арқасында орындалды. Біз соған шын жүректен қуанамыз. Сізге әлі де шығармашылық жұмыстың жемісін жеп, біздің қызығымызға кенеле берсін деп тілейміз.
5 қазан - Ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Г.Көкебаеваның Алғыс хатымен мектебіміздің:
Химия пәнінің мұғалімі - Дараева Гулхан Умаржановна,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Какимбекова Алмагул Исабековна,
Бастауыш сынып мұғалімі - Жанадилова Наталья Бахтияровна,
Бастауыш сынып мұғалімі - Уралова Асель Туяковна?
Физика пәнінің мұғалімі - Парзиева Махабат Керімханқызы марапатталды.
