"Жеті қазына" этно лагері
29.05.2025 ж «Жеті қазына» этно лагері өз жұмысын әрі қарай жалғастыруда. Бүгінгі күн «Таңғы сергіту» жаттығуларымен басталды. Лагерьдің жұмыс жоспары бойынша балалар топ бойынша жұмыстар жүргізді.Бүгінгі күн «Мамандықтар әлемінде» тақырыбы бойынша «Актер» мамандығымен байланысты жұмыстар жүргізді. Қызығы мол мамандықтың қыр сыры туралы топ тәрбиешілері таныстырып өтті. Мамандықтар әлеміне саяхат жасап, болашақтағы мамандықтары жайлы ой бөлісті. Сүйікті мамандықтарын қағаз бетіне түсірді.