"Жеті қазына" этно лагері » КГУ «общеобразовательная школа №102» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№102 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 3831719
Есепші бөлімі:
+7(727) 3835192
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
маусым
2025

"Жеті қазына" этно лагері

№ 102 ЖББ КММ 03.06.2025 жылы  "Жеті қазына" этно лагері балаларымен таңғы сергіту жаттығулары жүргізілді. Жұмыс жоспары бойынша мамандықтар әлеміндегі ең қажетті мамандықтың бірі-құрылысшы туралы мәлімет берілді.Балалар өз қолдарымен құрастырма ойыншықтармен "Менің болашақ үйім" тақырыбында өз үйлерін құрастырды. Құрастырма жұмысы бойынша "Томирис" тобының  балалары алда болды.  Балалар Алматы қаласындағы ең ірі бақ  АльФараби 71 А мекен жайында орналасқан  "Алматы ботаникалық" бағына саяхатқа шықты. Ол жерде балалар  ғажайып өсімдіктер түрлерімен танысты.Олардың өсу деңгейі, жемісі, тамыры, жапырағы тағы басқа ерекшеліктерімен танысты. "GREENUP KZ" қоғамдық қоры ұйымдастырған танымдық жұмысқа белсене қатысып жүлделерге ие болды.  3 Г сынып оқушысы Темирбаев Тамерлан, Вильямова Анеля  экология мәселесі төңірегіндегі викториналық сұрақтарға жауап беріп, "Как беречь природу?" кітапшасын, суға түсуге арналған қорғау шы айналма дөғгелегін (спасательный круг) ұтып алды. Балалар саяхаттан көп нәрсе үйреніп қайтты. Қоршаған ортаны қорғау, оған қамқорлық жасау, саябақ, аулада қоқыс тастамау туралы өз білімдерін толықтырып қайтты.