«Жеті қазына» этно лагері » КГУ «общеобразовательная школа №102» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№102 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 3831719
Есепші бөлімі:
+7(727) 3835192
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
мамыр
2025

«Жеті қазына» этно лагері

30.05.2025 жылы «Жеті қазына» этно лагерінің жұмысы «Таңғы сергіту» жаттығуларын жасаумен басталды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Орынбасар Д.К, Қасымақын А.Ы балаларға дене жаттығуларын жасатты.  Жұмыс  жоспары бойынша «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында «Өрт сөндіруші» мамандығы туралы топқа түсіндірме жұмысы жүргізілді. Өрт сөндіруші мамандығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы айтылды.Қоршаған ортаны өрттен қорғау туралы айтылып, мамандықтың маңыздылығы жайлы айтылды.  Балалар сурет салып, өз ойларымен бөлісті. Топ бойынша салынған суреттерден  көрме ұйымдастырылды.
     «Табиғат-тал бесігің» тақырыбы аясында балалар мектеп жанындағы саябаққа саяхатқа шықты.Таза ауада серуендеу денсаулыққа өте пайдалы. Табиғат аясында түрлі қозғалыс ойындарын ойнады. Атап айтқанда: «Тақия тастамақ», «Кім жылдам?» «Секірптемен жарыс» Таза ауадағы ойындар өте қызықты өтті. Сонымен қатар, балаларға қоршаған ортаны қорғау тақырыбында сөз қозғалып, саяхаттан соң өз орындарын жинап кету туралы айтып ескертілді. Қоқысты қажетті орнына тастау,қағаз қалдықтары мен бөтелкені тастамау, арнайы жәшікке салу туралы айтып ескертілді. Балалар таза ауадағы демалыстан көңіл күйлері көтеріңкі болып қайтты.Алдағы  аптадағы атқарылатын жұмыстар, жоспар туралы айтылды.