"Жеті қазына" этно лагері » КГУ «общеобразовательная школа №102» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№102 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 3831719
Есепші бөлімі:
+7(727) 3835192
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
мамыр
2025

"Жеті қазына" этно лагері

28.05.2025 жылы № 102 ЖББКММ «Жеті қазына демалыс лагері балаларға жазғы демалысы қызықты, әрі ұмытылмастай етіп өтуі үшін әр түрлі іс-шаралар жоспарлы түрде ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр.  Күнделікті демалыс лагеріндегі балалармен бірге « Таңғы жаттығулар» кешені жасалынуда.  Бүгінгі күні  этоно лагерь балалары  тпқа бөлініп, топтар  бойынша  жұмыстар жүргізді. «Шаңырақ ТВ» тобы балалары танымдық фильм көріп, «Кім болам?» тақырыбында әр түрлі мамандықтар жайлы біліп,  әр мамандықтың қыр-сырымен тәрбиешілер Лукина Е,В, Уралова А.Т. таныстырды . «Тілдария» тобындағы оқушыларға тәрбиешілер Асимова Г.А, Жанадилова Н.Б. «Кітаптар әлеміне саяхат» тақырыбы бойынша  балалармен жұмыс жүргізді. Олар балалармен бірге  ертегі, көркем әдеби кітаптарды  оқытқызып,өзара ой бөлісті. Шығармашылық тобындағы балалармен тәрбиешілер Балмухамедова Р.С, Есбергенова Л.Р  оюлар туралы таныстырып,  әр түрлі оюларды өз қолдарымен жасатқызып, шеберліктерін көрсетті.  «Қазақтың ұлттық бұйымдары» тақырыбы бойынша балаларға  қазақы көрпенің ішіне салатын жүн туралы тәрбиешілер Нурадинова М.Ф, Шукеева А.Ы, Жазаева Н.А таныстырып өтті. Жүнді түту, оны көрпе арасына салуы жайлы айтып берді.
Денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Орынбасар Д.О, Қасымақын А.Ы ұл  балалармен бірге қазақша күрес, арқан тартыс ойындарын ұйымдастырып жүргізді. Тәрбиешілер Жанетова А.С, Аккамиева Г.Б.  балалардың жазғы демалыс лагеріндегі қауіпсіздік ережесін сақтау жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 Күннің екінші жартысында  лагерь балалары «Москва» сауда кешенінде орналасқан «MY KIDS» мәдени ойын сауық орталығына демалуға барды.