"Жеті қазына" этно лагері » КГУ «общеобразовательная школа №102» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№102 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 3831719
Есепші бөлімі:
+7(727) 3835192
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
маусым
2025

"Жеті қазына" этно лагері

№ 102 ЖББМ "Жеті қазына" этно лагерінде 02.06.2025 жұмыс жоспары бойынша "Таңғы сергіту" жаттығуымен басталды. Бүгігні күннің жұмыс жоспары бойынша  топтағы қызбалалар арасында "Бұрымды қыз" тақырыбы бойынша шаш үлгісі байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі — жалы, қыздың көркі — шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп, керемет суреттеген. Топтағы қыздар өзара шаш үлгісін жасау бойынша жарысты. Шаш үлгісін қыздар  өз қолдарымен жасап, барынша  сәндеуге тырысты.Шашқа  тағатын бұйымдар, резеңкелер, гүлдермен безендірді. Жарыс қорытындысы бойынша "Томирис" тобынан Ханджанова Назлы, "Тұлпар тобынан" Асқар Айлин, "Номад " тобынан Щепеткова Руфина, "Қыран" тобынан Ахметова Алма жеңіске жетті. Этнолагерьдегі ұлдар қағаз картоннан, сүт пакетінен, қораптан роботтар жасады. 3 Г сынып оқушысы Камбаралиев Данис сүт қорабынан робот жасап, оған Артем деген есім берді. Жұмыс барысында оқушыларға қағаз, картонмен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы айтылды. "Бақытты балалаық шақ" тақырыбы аясында 1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты топтар арасында спорттық эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды. Арқан тартыс, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат ойындары ойнатылды. Арқан татртыс жарысы бойынша "Номад" пен "Тұлпар" топтары жарысып, "Тұлпар" тобы жеңіске жетті. Ал тоғызқұмалақ ойынында "Томирис" тобының балалар ерекше көзге түсті. Балалардың мерекесі қарсаңында түскі тамақ кезінде мерекелік тәттілер әр оқушыға таратылды.