Қайырымдылық - адамгершілік белгісі
Қайырымдылық - адамгершілік белгісі
Мемлекет басшысының мектеп
оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау
мақсатында 7 жыл қатарынан 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол»
акциясы өтіп келеді. «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 2018 жылғы
1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында «Менің таңдауым - балаларға көмек
көрсету!» ұранымен өткізіледі.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады. Алматы қаласы Жетісу ауданы №102 жалпы білім беретін мектепте бұл науқан жоспарға сай қарқынмен жүріп келеді. Мектеп басшысының бақылауымен мектеп ішінен құрылған комиссия мүшелігі күнделікті аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды тексеру рейдін өткізіп отыр; оқушылардың сабақтан қалмауын қадағалап, насихат жұмыстарын кеңінен жүргізуде; мектеп табалдырығын аттайтын оқушылардың ата-аналарымен «Мектепке алғашқы қадам» атты шағын түсіндіру отырысын өткізді. Аталған жұмыстар да өз өнімділігін сенімді түрде көрсете бастады.
«Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы аясында демеушілер табылып, олар бұл қайырымдылық шарасынан қалыс қалмай, аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға барынша көмек қолын созуда: мектеп формасы, мектепке қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер мен кітаптар мұқтаж отбасыларына бірден таратылды. Осы қайырымдылық акциясының толыққанды жүзеге асырылуына демеушілердің қолдауы ауадай қажет. «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» демекші, №102 ЖББМ ұжымы жанашыр жандардың назарына, дәстүрлі «Мектепке жол» акциясынан қалыс қалмаңыздар!
Мектеп әкімшілігі
<!-- [if !mso]> v\:* {behavior:url(#default#VML);} o\:* {behavior:url(#default#VML);} w\:* {behavior:url(#default#VML);} .shape {behavior:url(#default#VML);} <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:8.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:107%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}