04
қаңтар
2019
мақала Искакова
Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. " Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн "кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген.
«Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» - деген. Адамшылық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіріп, әрбір адам баласын «өз бауырым» деп ойлауы керек.
Мейірімділік дегеніміз не?
Мейірімділік – ол басқалардың игіліг үшін қамқор болу. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады.
Ботаснан айрылған аруана сай-сүйегіңді сырқыратып, төбе құйқаңды шымырлатып боздағанын естідіңдер ме? Бір сәт елестетіп көріңіздерші. Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады.
Қыз баланың адамгершілігі, тәрбиелілігі, сұлулығы сыртқы көрінісінен ғана емес, ішкі көрінісімен тең болу керек. Қазақ қыздарының нәзік жаны мейірімділік, қамқорлық аясында өсіп, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу мінезі қалыптасуы керек. Бала кезінен-ақ ата-анасын, бауырларын, ұстаздарын сыйлай білу, халқын, жерін, тілін, салтын қадірлеу өз шаңырағын ардақтай білу.
Сонымен мейірімділік деген не?
Мысалы: «Мейірім» әңгімесінде Қайсар ағай жымиып қойып, былай деді:
- сол баланың қайырымдылығы, жанашырлығы, мейірімділігі есіме түскенде әлі де іштей елжіреп, тәрбиелі баланың өнегелі ісіне риза боламын.
Сағынған жиендеріме барып, түннің бір уағына дейін әңгімелесіп, кеш жаттық. Таңға жақын тысырдан оянып кеттім, қарасам, әлгі үйдің 8-сынып оқитын Азамат деген жиеншарым көрпемді қымтап жауып жатыр екен, сірә үстім ашылып, тоңазып қалсам керек.Әй, содан кейін рахаттанып ұйықтадым –ау. Былай қарасақ, елеусіз ғана нәрсе сияқты, бірақ осының өзі адамның жүрегіне жылы тиіп, мейірімін оятады емес пе?- дейді Қайсар ағай.
Халқымыз кашан да кайырымдылықтан кенде болмаған, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған. Бұл қасиет оның болмысының ажырамас құрамдас бөлігі болса керек. Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырым- дылық-көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қолындағы барымен көпшілікпен бөлісіп, тағдырдың тауқыметімен ғаріп күн кешкендердің алғысына бөленуден шексіз ләззат алып, қайырымдылық жасап жүрген, ата-бабаларымыздың игі дәстүрін жалғастырып жүрген жандар аз емес. Қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды. «Қолы ашықтың - жолы ашық» - деп атам қазақ бекер айтпаған. Осыған орай Байқоңыр қалалық мұрағатының ұжымы «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» акциясы шеңберінде қасиетті Рамазан айында тұрмысы төмен 3 отбасыларына қайрымдылық шарасын ұйымдастырып, азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Шырша шаттығы.
Жаңа жыл мерекесін барша бала асыға күтеді.Оның себебі, жаңа жыл сиқырға толы, бала арманының орындалатын ғажайып мерекелердің бірі болып саналады. Осынау ғажапқа толы сиқырлы мереке қарсаңында Алматы қаласы Жетісу ауданы «Нұр Отан» партиясы да шет қалмады. Қолындағы барымен көпшілікпен бөлісіп, олардың алғысына бөленуден шексіз ләззат алып,қайырымдылық жасап, ата-бабаларымыздың игі дәстүрін жалғастырып жүрген жандар аз емес. Қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды. «Қолы ашықтың-жолы ашық» деп қазақ атамыз бекер айтпаған. Осындай игі бастаманы қолына алып, балаларға шырша мерекесі қарсаңында шаттық сыйлаған Алматы қаласы Маслихат депутаты Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы. «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» деген екен дана халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру,жүректі нұрландыру арқылы адам жанынан әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді.Мейірімділік-ол басқалардың игілігі үшін қамқор бола білу.Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор бола білу дегенді білдіреді.Мейірімді адам әрқашан басқаларға көмекке келіп,әркез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Мереке қарсаңында Жетісу ауданы 21 мектебінен келген 42 оқушыға қыстық жылы киім мен аяқ киімді сыйлық ретінде берді. Жүрегі жылылық пен қамқорлыққа толы Қайрат Құдайбергенұлы әр баланың келешегінен зор үміт күтіп, болашақ өмірде өз орындарын таба білуге сенімді екендігін айтып,қанаттандырды. Өзінің балалық шағынан естеліктер айтып, өз ойымен бөліскен халық қалаулысы балаларға ағалық қамқорлық пен ақ батасын берді. Қайрат Құдайбергенұлынан сыйлық пен ақ батаны алған оқушылар мен ата-аналар шырша шаттығына бөленіп, қуанып ризашылықтарын білдірді. «Нұр Отан» партиясы мен Алматы қаласы Маслихат депутаты Қайрат Құдайбергенұлына игі бастамаларына ризашылығымызды білдіре отырып, келешек жұмыстарына толағай табыстар тілейміз!
№102 ЖББМ әлеуметтік педагогі Искакова Г.Т.