07
сәуір
2021
Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады. Абитуриентам для получения гранта даются две попытки сдать ЕНТ.

🔹Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны екінші рет бірнеше күннен кейін немесе мамыр не маусым айларында тапсыру мүмкіндігі болады.
🔹Мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ең жақсы нәтижесі бар сертификатты ұсына алады.
🔹Тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады.
🔹Қатысушылар тапсырмаларды кез-келген пәннен бастай алады. Сондай-ақ тестілеу аяқталғанға дейін жауап берілген сұрақтарға қайта оралып, жауаптарды түзетуге болады. Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін ҰБТ барысында компьютер экранында калькулятор, Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестелері қолжетімді болады.
🔹Сонымен бірге тестілеудің 60 минутынан кейін оқушыларға көзге арналған және дене жаттығуларын орындау үшін екі минуттық үзіліс, 120 минуттан кейін 15 минуттық үзіліс беріледі.
🔹ҰБТ нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Тестілеу қорытындысы бойынша жиналған ұпай саны экранға шығарылады. Сондай-ақ ҰБТ қатысушысы қандай сұрақтарға қате жауап бергенін бірден көре алады.
🔹ҰБТ нәтижелерімен келіспеген жағдайда талапкер келесі күнді күтпей-ақ апелляцияға өтініш бере алады.🔸Впервые претенденты на государственный образовательный грант могут сдать ЕНТ два раза. К примеру, если абитуриент прошел тестирование в апреле, повторно пересдать его можно через несколько дней, либо в мае или в июне.
🔸Для участия в конкурсе на получение государственного образовательного гранта поступающий может предъявить сертификат с наилучшим результатом.
🔸На тестирование отводится 4 часа (240 минут), при этом абитуриенты на ЕНТ могут набрать максимально 140 баллов.
🔸Выполнение заданий участники могут начать с любого предмета. При этом до завершения тестирования можно возвращаться к ранее отвеченным вопросам и корректировать их. Для удобства абитуриентов в ходе ЕНТ на экранах компьютеров будут доступны калькулятор, таблицы Менделеева и растворимости солей.
🔸Также по истечении 60 минут тестирования школьникам предоставляется двухминутный перерыв для выполнения упражнений для глаз и физических упражнений, после 120 минут – перерыв на 15 минут.
🔸Результаты ЕНТ будут доступны сразу после завершения тестирования. Набранное количество баллов будет выведено на экран. Также участник ЕНТ сразу увидит вопросы, на которые дал неправильные ответы.
🔸В случае несогласия с итогами ЕНТ абитуриент, не дожидаясь следующего дня, на месте может подать электронное заявление на апелляцию.