30
қыркүйек
2021
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні Алматы қаласы №102 жалпы білім беретін мектебінде өзін-өзі басқару ұйымы президентін ұлықтау рәсімі өтті.
Дауыс беру қорытындысы бойынша, мектептің қазіргі президенті Яксенбай Диана үміткерлер арасында ең көп дауыс жинаған. Салтанатты жиын басында мектептің өзін-өзі басқару ұйымының экс-президенті Жүнісбай Али сөз сөйлеп, өз міндетін тапсырды. Өз кезегінде ол оқушыларға өткен оқу жылында атқарған үлкен жұмыстары үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, өткен жылдың жұмыс қорытындысы туралы мектептің өзін-өзі басқару ұйымының есебін берді. Өз лауазымына кіріспес алдында Яксенбай Диана мектеп алдында ант беріп, өзіне жүктелген үмітті ақтайтынын айтты. Сонымен қатар, мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жаңа министрлері анықталды. Іс-шара соңында мектеп директоры Ахметова Сауле Садуакасовна мектептің өзін-өзі басқару ұйымының жаңа президентін құттықтап, оған өкілеттігін куәландыратын құжат табыстады.