02
қазан
2021
Алматы қаласы, Жетісу ауданы, № 102 ЖББМ Аға тәлімгері Курманбаева Талшын Турдакиновна мен музыка пәнінің мұғалімі Пайыз Алиханның жетекшілігімен Ұстаздар мерекесіне арналған "Ұстаз - ана" әнімен 2 "А" сынып оқушылары сіздерді құттықтайды.
Құрметті №102 ЖББМ ұлағатты ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.