01
желтоқсан
2022
1 желтоқсан 2022ж Жетісу аудандық Білім бөлімінің жоспарына сәйкес №102 ЖББМ педагог-психологтар А.Ш.Белек пен Г.Н.Мурадуллаеваның ұйымдастыруымен педагог-психологтарға «Отбасы құндылықтары» тақырыбында семинар-тренинг өткізді
Семинар-тренингте тәрбиенің ең тамаша жері – отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыра отырып, жалпыадамзаттық құндылықтарды қолдану дағдыларының қалыптасуы туралы ой қозғалып, тренинг-жаттығулар жүргізілді. Соңында қатысушылармен талқылау, қорытынды кері байланыс жүргізілді. «Махаббатқа толы балалықпен бір ғұмыр кешуге болады»,- дейді әйгілі ұстаз Г.Песталоцци. Сондықтан да Балаға риясыз махаббат сыйлап, отбасылық құндылықтарды бала бойына сіңіріп тәрбиелеген ата-ана болашақта өзіне сенімді, бәсекеге қабілетті көшбасшыны қалыптастырады.