14
қараша
2023
"Алтын сақа" ойыны
Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу-барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз-жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. "Біртұтас тәрбие бағдарламасы"-ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бағдарламаның мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Осы бағдарлама негізінде 14.11.23 жылы бастауыш сынып мұғалімі Искакова Г. Т 1"А" сыныбы оқушыларымен бірге "Алтын сақа" ойыны туралы не білесің? "тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты:
1.Ұлтымыздың ата-бабалардан мирас болып калған асық ойыны туралы түсінік беру.
2.Балалардың асық атаулары, асықтың жатыс түрлерін айтқызу арқылы ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын қастерлеуге баулу
3.Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке, жеңіске дегег құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу. Асық ойынына деген қызығушылығын арттыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік іс-шараға жоғары сынып оқушылары қатысып, өзінен кіші іні-қарындастарын асық ойнауға, асықты атуға үйретті. Сыныптағы ұлдар асықты дәлдікке атуға үйренсе, қыздар асықтың иіргенде түскен қалыптағы атауларымен танысты. Оқушылар асықты ату арқылы өздерінің ептіліктерін көрсете алды.
Сынып жетекшісі Искакова Г. Т.


