Тәуелсіздік тәтті ұғым » КГУ «общеобразовательная школа №102» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№102 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 3831719
Есепші бөлімі:
+7(727) 3835192
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
желтоқсан
2018

Тәуелсіздік тәтті ұғым

Тәуелсіздік тәтті ұғым


Мектеп пен ата-ана арасындағы демеушіге айналып келе жатқан «Нұр Отан» партиясының Жетісу аудандық филиалыныңмектебіміздегі орны бөлек. Бағдары айқын, болашағы жарқын партияның біздің мектебіміздегі қадамы да тың серпіліспен, жаңа тыныспен алға бастап келеді. Бүгінде «№102 ЖББМ» КММ-сі әкімшілігі «Нұр Отан» партиясының Жетісу аудандық филиалының төрағасы және Жетісу ауданы әкімі М.И. Тәжібаев, «Нұр Отан» париясыЖетісу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.С. Омаров қолдауымен тұрғындардың әлеуметтік жағдайын ескеріліп, ахуалы ауыр аудан тұрғындарына елеулі көмек жасалуда, өзекті мәселелер дер кезінде шешімін табуда. Мұның елеулі игілігі болды және бола береді.

Жетісу ауданы Білім бөлімі және «Нұр Отан» париясы Жетісу аудандық филиалы кешенді жоспарларына сай «Кедергісіз келешек» жобасы аясында тәуелсіздігіміз қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға қысқы аяқ киім сыйлыққа тартылса, «Жастар Отанға» жобасы бойынша мектебіміз «Адал Ұрпақ» ерікті ерікті мектеп клубының белсенді мүшелері «Даму» интеллектуалдық қабілеті төмен балаларға арналған №7 арнайы (түзету) мектеп-интернаты оқушыларына барып мерекелік концерттік бағдарламалары мен сый-сияпаттарын тарту етті.

Тәуелсіздік тәтті ұғым

Мектеп әкімшілігі тарапынан оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті- Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы насихатталып, оның түп мағынасын түсіндіру жұмыстары алып барылуда.

Тәуелсіздік тәтті ұғым

Мектебіміз кітапханасында «Жастар Отанға» жобасын жүзеге асыру бойынша «Бас бақытым – тәуелсіздік ала алғаным» атты кітап көрмесі жасалды. Көрмеге Тәуелсіз Қазақстанның бел-белестері, бүгінгі жетістіктері және жарқын болашағы туралы деректер мен құнды кітаптар қойылған. Мектеп әкімшілігі кітапхананың иелігіндегі қордан тақырыпқа байланысты кітаптарды, материалдарды келушілердің назарына ұсынуға тырысқан. Олар - еліміздің мемлекет болып нығаюы кезеңімен, еліміздің тарихымен, Қазақстан халықтарының мәдениетімен тығыз байланысты кітаптар. Көрменің негізгі идеясы - қазақ мемлекетінің сан ғасыр бойы қалыптасу тарихындағы уақыт пен ұрпақтар сабақтастығын көрсету. Аталған көрмеде еліміздің кешегі мен бүгінгі жарқын келбеті салыстырмалы түрде көркем фотосуреттермен берілген. Көрмені кітапхананың оқырмандары, мектеп оқушылары пайдалануда.

Тәуелсіздік тәтті ұғым

«Тәуелсізбін деп жырлайды жүрегім» атты шараға «№102 ЖББМ» КММ-сі оқушылары белсене қатысты.

Тәуелсіздік тәтті ұғым

Мектеп пен ата-аналардыңарасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Бақытты отбасы» жобасы, «Дәстүр» концепциясы аясында ұйымдастырылған «Отан отбасынан басталады» тақырыбында флешмоб бәрімізге мерекелік көңіл күймен, шаттық сыйлады.

Тәуелсіздік тәтті ұғым

Біз ата-аналар балаларымыздың осы мектепте сапалы білім, сынамалы тәрбие алып өсіп келе жатқанына шексіз ризамыз.

Мектеп өміріне белсене қатыса жақсы қадаммен, жақсы жұмыс нәтижесіне жетеміз деп ойлаймын. Шәкәрім атамыз айтқан емес пе, «Бар ғылымның түп атасы – Таза ақылмен ойлану» деп, ендеше таза ақылмен, адал еңбекпен алдағы үлкен белестерді бағындыруға сәтті қадам болсын!

Тәуелсіздік мерекесі баршаңызға құтты-баянды болсын!

 

«№102 ЖББМ» КММ-сі мұғалімі, 4 «Ә» және 7 «А» сынып оқушылары Есбосын Жанель және Есбосын Алдиярдың анасы Қанатова Ақмарал.