Ұлы Жеңіс күні - мәңгілік ел жадында
Ұлы Жеңіс күні - мәңгілік ел жадында
Биыл жалпы адамзат өзінің тарихында жазылған қаһарлы соғыстағы Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесін тойлап отырмыз.
Ғұмырымыздағы аса қуанышпен қарсы алатын мерекелеріміздің бірі - Жеңіс күні. Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де, қилы өзгеріс болып жатса да ұрпаққа ең ыстық мейрам болып қала береді.
9 мамыр Жеңіс күні - әр адамды толқытатын ерекше, аса қастерлі де айтулы күн. Бұл Жеңіс болмағанда көптеген елдер мен халықтардың тағдыры басқаша қалыптасып, Қазақстанымыз да тәуелсіз ел болмас па еді? Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні - соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп ал, арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне бұрынғыдан да құрметпен қарап, олардың жауынгерлігіне және ерліктеріне тағзым ететін күн.
Алматы қаласы Жетісу ауданы №102 ЖББМ КММ-де осы Ұлы мерекеге арналған көлемді іс-шаралар өткізілді.
Жетісу ауданы Білім бөлімінің жұмыс жоспары және мектепішілік тәрбие жұмысының жоспарына сай 1-11 сыныптарда «Ерлікке тағзым» атты сынып сағаттары, «Нұр Отап» ХДП-ның «Ардагерларді ардақтайық» бағдарламасы негізінде мектептің шағын үлескесінде тұратын Соғыс және Тыл ардагерлерін құттықтау және үй шаруасына көмектесу жұмыстары ұйымдастырылып, өткізілді.


