26
ақпан
2021
1846 жылы 28 ақпанда ұлы ақын, жырау, жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл Жабаев дүниеге келді. Ұлы ақын Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде туған.

https://www.instagram.com/p/CL1prAULRNL/?utm_source=ig_web_copy_link
1846 жылы 28 ақпанда ұлы ақын, жырау, жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл Жабаев дүниеге келді. Ұлы ақын Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде туған.Ол жасынан өлең-жырға қанып өскен, өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген, «Менің пірім - Сүйінбай...» деп өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алған.
Жамбыл 1919 жылы Жетісу халық ақындары бас қосқан слетке қатысады. 1934 жылы республикалық өнер шеберлерінің тұңғыш слетінде жыр толғап, тағы бір көзге түседі. «Замана ағымы», «Белсенділерге», «Қазақстан тойына», «Жастар алдындағы сөз» сияқты арнау, толғаулары осы тұста жырланды.
Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше аудандарға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына, мектептерге, көшелерге берілген.