11
қыркүйек
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ашылу салтанаты
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай мектебіміздің «Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің» апталық ашылу салтанаты болып өтті. Салтанатты іс-шарада 9 «В» сынып оқушысы Асқаров Абылайхан мен 6 «Ә» Жұмақадыр Ертөре халқымыздың сүйікті күйлерін ұлттық аспапта жоғары деңгейде орындап шықты. Аталған іс-шара барысында мектебіміздің мұғалімдері жылы лебіздерін білдіріп, сый-құрметке бөленді.
Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Тәуелсіздікті айрандай ұйытып отырған да – мемлекеттік тіл. Сондықтан тіліміздің мәртебесі биік болсын!
Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Тәуелсіздікті айрандай ұйытып отырған да – мемлекеттік тіл. Сондықтан тіліміздің мәртебесі биік болсын!