30
қараша
2022
Бүгін, Жетісу Аудандық Білім Бөлімінің ұйымдастырумен №102 жалпы білім беретін мектепте «Біздің «ЖОҚ!» дегеніміздің маңызы!» атты қалалық әлеуметтік бастамалар жобасы конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Аудандық білім бөлімі тәрбие бағытының бас маманы Наймангелдиева Г.К., және Алматы қаласы Білім басқармасының жаңа технологиялар әдістемелік –ғылыми орталығының мамандары Акмагамбетова Р.Г., Локтионова О.С. қалалық «Ұстаз» кәсіподағы Жетісу аудандық филиалының төрайымы Алимбаева Н.С., №102 ЖББМ КММ қамқоршылық кеңесінің мүшесі Жаспанова Р.К., №110 МГ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Раимкулова З.О. аталған іс-шараға әділқазылар құрамының қатарында болып, аудан мектептері оқушыларының өнерін белгіленген талаптар бойынша бағалап, әділ шешімдерін шығарды.
Конкурс нәтижесі бойынша: №101 мектеп-гимназиясының «Дети солнца» командасы, №43 ЖББМ « Ақиқат» командасы І-орынды иеленіп, аудан атынан қалалық кезеңге жолдама алды. №57 ЖББМ, №102 ЖББМ, №108 ЖББМ ІІ –орындарды иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!