Мұғалімнің беделі - мемлекеттің абыройы
Мұғалімнің беделі - мемлекеттің абыройы
Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі.
К. Д. Ушинский
Әр мемлекеттің болашағының іргетасын қалаушылардың бірі – ұстаз. Ұстаз сапалы білім мен саналы тәрбие берумен қатар болашаққа бағыт-бағдар беруші тұлғалардың бірі десек қателеспейміз. Көшбасшымыз Н.Назарбаев "Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттың қадір-қасиетін, мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз" деген болатын.
Ұстаз білім беру үдерісінің маңызды бөлігін құрайды. Жаңа форматтағы мұғалім талапқа сай білімдерді меңгеріп, өз дағдылары мен жаңа әдістерін жетілдіріп отырады. Ол қазіргі педагогикалық қызметтің жағдайлары мен факторларына шолу жасайды, оның мақсаттары мен міндеттерін айқындайды және нәтижелерді болжайды.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батырыБауыржан Момышұлы"Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Алматы қаласы, Жетісу ауданы «102 ЖББМ» КММ-де білім - тәрбие беру жүйесіде атқрылып жатқан жұмыстар нәтижелері заман талабы ағымында жүріп жатқанын көрсетеді. Мектеп оқушыларының жетістіктері жұмыстың жүйелі түрде алып барылып жатқанын көрсетеді. Соңғы жылдар ішінде мектепбіміз барлық қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, күнделікті ағымдағы кезек күттірмейтін сан түрлі іс-әрекеттердің бел ортасында, қызу еңбек майданында шыңдалып, білім алу баспалдағының сан белесін бағындырып келеді.Осы жетістіктерге мектебіміз ұлы Абай атамыз айтқандай: "Талап, еңбек, терең ойдың” арқасында жетіп келеді.
Жақандану заманындағы мұғалімдер жаңашылдыққа ашық, болашаққа талыпынысы шексіз. Бірақ білім беру мен тәрбиелеудің дәстүрлі әдістерін ұмытпаған да жөн. Себебі егер мұғалім мен балалардың арасында шынайы қарым-қатынас, диалог болмаса, мұғалім өз қамқоршыларын сезінбесе, ешқандай жаңа технология, инновация оқушыға барлық нәрсені білмейді.
Мектептің абыройын аспандатып, жалпы бала тәрбиесіне,білім беру ісіне асқан құлшыныспен кірісіп, үнемі еңбектеніп жүретін ұстаздарымыз аман болсын! Әр ісі үлгі, ұлағатты ұстаздарға – мың тағзым етсең де артық емес-ау сірә!
Құрметті де қадірменді ұстаздар қауымы әрдайым еңбектеріңіз жанып, осы бір ұрпақ алдындағы ауыр міндеттеріңіздің ылғи да жемісін көре беріңіздер! Ұстаздар күні құтты болсын!
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ауэлбекова Г.У.