09
қараша
2020
«2020-2023 жылдарға арналған каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру

«2020-2023 жылдарға арналған каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» ҚР Премьер - Министрінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы №1 өкіміне сәйкес, балалар арасында короновирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін, оқушылардың каникул кезіндегі пайдалы және белсенді іс- әрекеттерін ұйымдастыру жүйесін дамыту мен жетілдіруге бағытталған "Қазақстан балалары - күзгі интерактиф!" күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ұсыныстарына сәйкес Жетісу ауданы №102 ЖББ мектепте күнтізбелік - тақырыптық жоспарға сәйкес мектептің 9 сынып түлектеріне кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша "Қазақстан университеттеріне виртуалды саяхат" жасады. Тұран университеті колледжі жайлы Рада Аслановна, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі жайлы Дюсембекова Ардақ Канатхановна баяндап өтті.
Кәсіптік бағдар берудің басталуы 1908 жылдан басталған. Алғаш рет кәсіптік кеңес беру бюросы Бостон қаласында АҚШ ашылған.
@bala.edu.gov.kz @zhetisu.roo @saule.akhmetova102 @edu.almaty @jetisy_aydany @kopd_mon_rk