14
ақпан
2020
"Мейірімділік - жан жылуы" тақырыбында сынып жетекшілері Алимова Айгүл Тілеубергенқызымен зияткерлік сабағын өткізді.
Жалпы адамгершілік құндылықтар әр адамға тиесілі, ол онымен бірге туады, оны айқындай және сезіне білу қажет. Жалпы адамгершілік құндылықты үйретіп қажет емес, оларды айқындау жолымен балалардан шығару қажет. Бұл әр мұғалімнің ең басты мақсаты болып табылады – әр оқушының жан дүниесінен осы құндылықтарды шығару, «ояту», оларды шығару. №102 жалпы білім беретін мектебінің 4А сынып оқушылары "Мейірімділік - жан жылуы" тақырыбында сынып жетекшілері Алимова Айгүл Тілеубергенқызымен зияткерлік сабағын өткізді. Зияткерлік сабақ толық балалардың шығармашылықтарына арналып, балалар күнделікті өмірде болып жатқан өзгерістерге жағдаяттар құрастырып, сахналық қойылым көрсетті.
