09
желтоқсан
2020
№102 ЖББ мектептің 2 сынып оқушылары «Біз өзімізгн сенетіндер мен бізден әлсіздерге жауаптымыз!» номинациясы бойынша бейнероликті ұсынады.

Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Мейірімділік пен жүрек жылуы – адамзаттың ізгі қасиеттері» қалалық ЮНИФЕСТ байқауы өтуде. ЮНИФЕСТ – «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы мен Алматы аймақтық «Ел жастары» балалар мен жасөспірімдерге білім беру бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласы жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары үшін қашықтан білім беру форматында өткізілетін тәрбиелік мазмұндағы іс-шара.
«Мейірімділік пен жүрек жылуы – адамзаттың ізгі қасиеттері» атты ЮНИФЕСТ – бес номинация бойынша жүргізілетін бейнероликтер форматындағы жобалар байқауы. Жетісу ауданы №102 ЖББ мектептің 2 сынып оқушылары «Біз өзімізгн сенетіндер мен бізден әлсіздерге жауаптымыз!» номинациясы бойынша бейнероликті ұсынады.