28
қаңтар
2021
№102 ЖББМ 7-8 сынып оқушыларымен мектеп психологы «Болашаққа қамқорлық» атты қыз балаларға арналған тренинг өткізді.

№102 ЖББМ 7-8 сынып оқушыларымен мектеп психологы «Болашаққа қамқорлық»
атты қыз балаларға арналған тренинг өткізді.
Мақсаты : Отбасында қыз баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ұлттық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, жас жеткіншектір арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.
Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер — тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу, киімнің әсем — сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау — ежелгі дәстүр. Жиын — тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен жеңгелері де қайын сіңлілерін атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен. Орта Азия мен Қазақстанда жалғыз келе жатқан қызды көрсе, оған қорғаныш болып, баратын жеріне дейін шығарып салатын болған. «Қыз өссе — елдің көркі, гүл өссе — жердің көркі» дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған.
Дүние есігін ашқан әр сәби жетім болу үшін не тастанды бала атану үшін өмірге келмейді. Ата-ананың жылуын сезінуге әркімнің құқығы бар. Ата-бабамыз ежелден-ақ бұл ақиқатты білген, сондықтан отбасындағы баланы ешуақытта жетім қалдырмаған. Бүгінгі нәресте ертеңгі күні ұлттың болашағы, мемлекеттің потенциалы, байлығы . Қыздың ең бірінші ұстанымы — қыз деген атқа лайық болуы. «Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. Әрбір қыз бала ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйренсе,
болашақта ол қыздарымыздан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Қыздарымыз осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен, сүйкімділігімен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар — намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы сыйлы.
Қорытынды: «Жел бағытын өзгерте алмасақ та кеме желкенін арманымыздың бағытына қарай өзгерте аламыз” Ең бастысы сенім мен үміт!