«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі » КГУ «общеобразовательная школа №102» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№102 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 3831719
Есепші бөлімі:
+7(727) 3835192
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі
04
ақпан
2021

«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі

2021 жылдың 4 ақпанында «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында өзін-өзі тану пәні мұғалімдері Н.Ә.Базарғалиева мен А.Ш.Белектің ұйымдастыруымен 1-9 сынып оқушылары арасында «Адамгершілік пен руханияттың мөлдір бұлағы», «Хрустальный родник нравственности и духовности», 10-11 сынып оқушылары арасында «Асыл жүрек» тақырыбында сурет, шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды.
Балалар қызығушылықпен мейірімге толы жүректерімен жасаған бұйымдарын көрмеге дайындады. Әрбір баланың өз бойындағы қасиеттерін қол өнерлерінен көре алдық. Көрме қызықты да керемет туындылармен толықсып, әрбір жасалған жұмыстың авторымен таныстырылды. Сурет көрмесінің мақсаты – оқушылардың құндылық бағдарларын қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын мадақтау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру.
Конкурс жеңімпаздары: Гейниц Роман 9 «Б» сыныбы, Гейниц Светлана 8 «Б» сыныбы, Аман Әлжан 5 «А» сыныбы, Сапарғали Айғаным 5 «Б» сыныбы, Аденов Абылайхан 8 «Б» сыныбы.