14
ақпан
2020
№102 жалпы білім беретін мектебінің ұжымы "Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі аясында әлеуметтік жағдайы төмен екі отбасыға демеулік көмек қолын созып, азық-түлік, қажетті киім мен мектепке қажет жабдықтарды тарту етті.
Қазіргі заманда жастар тәрбиесінде жүректі имандылыққа, махаббатқа, қайырымдылыққа, нұрландыруға, ізгі іс жасауға және жүректен жүрекке арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең ауқымда жанданып келеді. Абай атамыз да қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ»-деген. Адамшылдық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіріп, әрбір адам баласын «Өз бауырым» деп ойлауы керек. Осыған орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы басқалардың игілігі үшін қамқор болуға бағытталады. №102 жалпы білім беретін мектебінің ұжымы "Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі аясында әлеуметтік жағдайы төмен екі отбасыға демеулік көмек қолын созып, азық-түлік, қажетті киім мен мектепке қажет жабдықтарды тарту етті.
