Хабарландыру » КГУ «общеобразовательная школа №102» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№102 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 3831719
Есепші бөлімі:
+7(727) 3835192
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
шілде
2022

Хабарландыру

Алматы қаласының Білім басқармасы Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.

Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы – 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.

Акцияның мақсаты:

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Сонымен қатар, науқан бойынша ақпараттарды әрбір білім беру ұйымының ресми сайттары мен әрбір аудан бойынша төмендегі белгіленген жедел желілер арқылы білуге болады:

  • Алатау ауданы бойынша: Указать телефоны 
  • Алмалы ауданы бойынша: Указать телефоны 
  • Әуезов ауданы бойынша: Указать телефоны 
  • Бостандық ауданы бойынша: Указать телефоны 
  • Жетісу ауданы бойынша: Указать телефоны 
  • Медеу ауданы бойынша: Указать телефоны 
  • Наурызбай ауданы бойынша: Указать телефоны
  • Түрксіб ауданы бойынша:

Баршаңызды акцияға белсене атсалысуларыңызды шақырамыз!