Ұстаз мерекесі – шуақты мереке » КГУ «общеобразовательная школа №102» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№102 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 3831719
Есепші бөлімі:
+7(727) 3835192
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қазан
2018

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

Ұстаз мерекесі шуақты мереке

Алматы қаласы Білім басқармасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 5-11-5/ 3391-і хаты негізінде, Жетісу ауданы «102 ЖББМ» КММ-де «Ұстаздар күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті. Мектеп оқушылары 11 сынып оқушылары бастауымен Ұлағатты ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, керемет концерттік бағдарлама арнады.

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

Барлық мамандықтың анасы ұстаз екенін ескерсек, айтулы күні мектеп мұғалімдері төл мерекелеріндебас қосты.

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

Олардың арасында осы салада еңбек еткен ардагерлердің орны ерекше болды. Ұлы мамандық иелері ұстаз ардагерлер Фахрутдинова Г.А. және Бирюкова Л.М. зор құрметке бөленді. 11- сынып оқушылары барша ұстаздарды кәсіби мейрамдарымен құттықтап жылы лебізін білдірді.

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

6, 11 сынып оқушыларының хорлық арнауларыұстаздардың төбесін көкке жеткізгендей болды.

Салтанатты шараға «Краски шау» өз репертуарларымен қатысып, еңбегі ерең ұстаздарға әндері мен сахналық көріністерін арнады.

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

Атап айтсақ, 7- сынып оқушы қыздары гимнастикалық стильдегі билерін, ал ұлдары «лезгинка» тарту етсе, 5-сынып оқушысы Юй Давид қытай тілінде «Ұстазға тағзым» әнін орындады.

Ұстаз мерекесі – шуақты мерекеҰстаз мерекесі – шуақты мереке

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

Халықаралық жұптық бал билері чемпиондары Игнотенко Стас және Прудько Валерия «ЧА-ЧА», «Джайф», «Джамбо» жұптық билерімен , 11-сынып оқушысы Омарбай Ерасыл синтезаторда жанға жағымды классикалық күйлерімен көрермендерді тәнті етті.

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

 Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

10-сыныпоқушылары ұстаздың бір күндік өмірінен қойылым қойып, ұстаздың мәртебесін асқақтатуға өз үлестерін қосты.

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

Мерекелік шарада барлық ұстаздардың көңіл күйі ерекше көтеріңкі болды. Мектеп оқушылары арнаған ән, би, күйлері шараның көтеріңкі рухпен өтуінің кепілі боды. Ал мұғалімдер өз кезегінде ризашылықтырын жеткізді.

Ұстаз мерекесі – шуақты мереке

Осылайша ұстаздарымыз төл мерекелерін жоғары деңгейде атап өтті. Ұстаздар әрі қарайда ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуге өз үлестерін қосып, үлгілі шәкірттерді тәрбиелеп өсіруге ат салыса бермек.

 

Төл мерекелеріңіз құтты болсын Ұстаздар қауымы.

ДТІЖО Ауэлбекова Г.У.