«Funny English» ағылшын тілі үйірмесінде тіл дамыту күндері
«№102 ЖББМ» КММ-дегі «Funny English» ағылшын тілі үйірмесінде тіл дамыту күндері.
Қазіргі кезде Республикамыздың басқа шет елдермен қарым-қатынастары артып отырғандықтан, елімізге шет тілінде еркін сөйлей және түсіне алатын жастар қажет. Осы мақсатта мектеп оқушыларының ағылшын тілін жете меңгеруіне аса көңіл бөлінуде.
Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ-де мемлекеттік осы бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында 3-26 маусым аралығында «Funny English» ағылшын тілі үйірмесі өз жұмысын атқарды.
Үйірмеге қатысқан 5-8 сынып аралығындағы 50 оқушы тәжірибелі ағылшын тілі мұғалімдері Альжанова П.Д., Чойкиева Р.С., Умарова Л.Ж. және Сабырханова Т.М. басшылығында мәдениетаралық коммуникативтік біліктерін қалыптастырып мен ағылшын тілін жетілдіріп, функционалдық сауаттылықтарын дамытты.
Үйірменің ең басты мақсаты-оқушыларға тек қана ағылшын тілін ғана емес, онымен қоса шетел тыныс- тіршілігінен хабардар болып, мағлұматтар алып, жеке бас тәжірибесін жетілдіре түсуге көмектесті.
Шетел тілін үйрену арқылы оқушылар білім деңгейін көтеріп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді ажыратуға дағдыланады, өз пікірлері қалыптасады, сол елдердің мәдениетімен танысады. Жазғы ағылшын тілі үйірмесі өз алдына келесідей міндеттер қойылады:
Ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру.
Коммуникативтік біліктіліктерді сөз әрекетінің төрт түрінде – тыңдалым, сөйлеу, оқу, жазу – шет тілінде қарым-қатынаста жүзеге асыру;
Шеттілді мәдениаралық қарым-қатынас жағдайында өз елін және оның мәдениетін таныстыра білу іскерлігін қалыптастыру;
Ұлттық өзіндік сана сезімді, әртүрлі қауымдастық адамдарының арасындағы өзара түсіністікке ұмтылысты және өзге мәдениет белгілеріне толеранттық қарым-қатынасты дамыту.


3-маусым күні үйірменің ашылуы салтанаты ағылшын тілінде оқылған өлеңдер мен ағылшын тілінде айтылған әндерден тұратын концерттік бағдарламамен ашылып, «Who is the best» интеллектуалдық ойынымен жалғасты.
Үйірме барысында оқушылар күнделікті жоспарға сай жұмыстарды ынтамен орындап, сөз қорларын дамытып, шаттықұа бөленді. Олар ағылшын тілінде сөйлейтін теңдестерімен онлайн түрде сұхбаттар , қызықты ойындар өткізді. Ағылшын тіліндегі ертегілер, әңгімелер тыңдап, кино, мультфильм қарады. Әр жұма сайын оқушылармен ойын-сауық орталықтарына экскурсия ұйымдастырылып, оқушылардың көңіл күйін көтеріге де ерекше көңіл бөлінді.
ДТІЖО: Ауэлбекова Г.У.