Мектеп жанындағы "Балдырған" жазғы лагері өз жұмысын жоспар бойынша жүргізуде. » КГУ «общеобразовательная школа №102» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№102 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 3831719
Есепші бөлімі:
+7(727) 3835192
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп жанындағы "Балдырған" жазғы лагері өз жұмысын жоспар бойынша жүргізуде.
06
маусым
2023

Мектеп жанындағы "Балдырған" жазғы лагері өз жұмысын жоспар бойынша жүргізуде.

Мектеп жанындағы "Балдырған" жазғы лагері  өз жұмысын жоспар бойынша жүргізуде. Мектеп қызметкерлері оқушыларды  күнделікті жақсы көңіл- күймен қарсы алып, мектеп медбикесі әр оқушының денсаулығын тексеріп отырды.       
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Курманбаева Т.Т.  оқушыларға  көңілді әуенмен  таңғы жаттығулар жасатты.  Дене жаттығуының адам денсаулығына пайдасы туралы мәліметтер   оқушыларға үнемі айтылып отырды. Көңілді әуенмен  жүргізілген жаттығулар балалардың   өз уақыттарын лагерде жақсы көңіл- күймен өткізуіне ықпал етті.
06.06.2023 жылы «Балдырған» демалыс лагерінің оқушылары Алматы қаласындағы «Орталық»  мұражайға саяхатқа барып қайтты. Мұражайдан көне жәдігерлер мен экспонаттарды көру арқылы рухани  көңіл күймен мектепке қайтты. Орталық мұражай жайлы көптеген мағлұматтар алды. Орталық музейге жыл сайын 130 мыңға жуық адам келеді екен, Қазақстан халықтарының өнерін дәріптейтін мыңдаған лекцияларды ұйымдастырып өткізеді; жылына 30-дан аса көрме өтеді. Атап айтсақ, мәдениеттер тоғысындағы музейлер ұлтаралық түсіністікке жол ашатын мәдени көпір, өткен тарих пен дәстүрді, Елбасы саясаты мен ел жетістігін, экономикасы мен болмысы тақырыбына арналады. Халық арасында танымал іс-шаралар мен түрлі мәдени білім беру бағдарламалары өз алдында екендігіне көз жеткізген оқушылар жақсы көңіл күймен саяхаттан оралды.