07
маусым
2023
07.06.2023 ж «Балдырған» жазғы демалыс лагері оқушылары жұмыс жоспары бойынша «Ойын күні» тақырыбына орай «Баум» тоғайына саяхатқа барып қайтты.
07.06.2023 ж «Балдырған» жазғы демалыс лагері оқушылары жұмыс жоспары бойынша «Ойын күні» тақырыбына орай «Баум» тоғайына саяхатқа барып қайтты. Таза ауада түрлі ойындар ойнап, таза ауада серуендеп қайтты. Баум тоғайының шығу тарихынан қызықты мәліметтер алды.Баум тоғайы – мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің бірі. ҚР Үкіметінің арнайы №1074 қаулысы бойынша 2006 жылдан республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесіне енгізілді. Алматы қаласының Түрксіб ауданына қарайды, аумағы 130 га. Баум тоғайы қазіргі кезде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңға сәйкес Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағының Ақсай бөлімшесінің қарамағына берілген. Тоғай 1868 ж. «Верный бағы» ретінде қолдан отырғызылған. Кейін Верный қаласының бас бағбаншысы Э.О.Баумның (1850 – 1921) тікелей басшылығымен бақ аумағы кеңейтіліп, көгалдандыру жұмыстары қайтадан жүргізілді. Сондықтан бағбанның құрметіне арнап баққа Баум есімі берілді. Баум тоғайы мемлекеттік табиғи ескерткішін қалпына келтіру және сақтау туралы іс-шаралар жоспары нақтыланып бекітілген. Баум тоғайының Алматы қаласының ауасын тазартуда рөлі мен қала тұрғындарының демалыс орны ретіндегі маңызы зор екендігін білген оқушылар таза ауада жақсы демалып, көңілді болып қайтты.








