Ұлы даланың – Ұлы мерекесі » КГУ «общеобразовательная школа №102» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№102 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 3831719
Есепші бөлімі:
+7(727) 3835192
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
наурыз
2019

Ұлы даланың – Ұлы мерекесі

Ұлы даланың  Ұлы мерекесі

Алматы қаласы Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ-де 20 наурыз күні Ұлттық танымы терең, тарихи салт дәстүрлерге толы Наурыз мерекесі жоғары деңгейде тойланды. Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асырудың  көркем көрінісі десек артық айтпаймыз.  Себебі, көктемнің ұлық мерекесі балалардың Отанға, елге деген ерекше  сүйіспеншілігін  тудыратын таптырмас құрал.


Кішкентай баланың аяғына ала жіп байлап, тұсауын кесу- оның аяғынан тік тұрып, сүрінбей ер жетсін деген қазақтың әдемі салт-дәстүрлерінің бірі. Тәттілерді шашып, келгендерге үлестіру де өмірі тәтті өтсін деген ниеттен туған салт. Мектебімізде Ұлы далағың – Ұлы мерекесін тойлауды осындай  дәстүрді сахналаудан бастады. Ақ арғымағына мінген Қыдыр ата жыйылған көпке ақ батасын беріп,  мактеп ұстаздары мен ата-аналар қауымы салт-дәстүр мен әдет- ғұрып жаскелең жас ұрпақтың санасында мәңгі жатталсын деген оймен Наурыздың ерекшелігін көріністерде көрсетті.