«№102 ЖББМ» КММ-і 11-сынып түлектері бітіру кешінен бас тартып, жалғызбасты көпбалалы анаға көмек қолын созды » КГУ «общеобразовательная школа №102» Управления образования г. Алматы
Приемная:
+7(727) 3831719
Бухгалтерия
+7(727) 3835192
Версия
для слабовидящих
» » «№102 ЖББМ» КММ-і 11-сынып түлектері бітіру кешінен бас тартып, жалғызбасты көпбалалы анаға көмек қолын созды
19
май
2019

«№102 ЖББМ» КММ-і 11-сынып түлектері бітіру кешінен бас тартып, жалғызбасты көпбалалы анаға көмек қолын созды

«№102 ЖББМ» КММ-і 11-сынып түлектері бітіру кешінен бас тартып,  жалғызбасты көпбалалы анаға көмек қолын созды.

Алматы қаласындағы Жетісу ауданы №102 мектептің оқушылары бітіру кештері, мейрамхана мен отшашудан, қымбат көлікпен қыдырудан бас тартып, Рамазан айында игі бастама бастады. Олар көңіл көтеруге кететін қыруар қаражатты қайырымдылық істерге жұмсамақшы. Мектеп оқушылары мектеп бітіру кешін тойлаудың ешқандай маңызы жоқ деп есептейді. Түлектер мектеп әкімшілігімен жалғызбасты көпбалалы ананың жағдайымен танысып, оған үйіне қажетті сандық теледидар тарту етті.


«Түлектер кешін тойламаймыз деп бірауыздан шештік. Яғни, жиналған қаражатты мұқтаж отбасылардың қажетіне жұмсайық дедік. Ата-аналарымыз да қолдады», - дейді 11-сынып оқушысы Сырлыбаев Жасұлан.

















Көзіне жас алған ана қуанышын жасыра алмады. Түлекетерге алдағы ҰБТ сынағынан сүрінбей, сәтті өтулерін тіледі. Түлектерге, мектеп әкімшілігіне өз алғысын айтып, мектеп түлектеріне ризашылығын білдірді.

Бұл бастаманы елдің әр аймағындағы түлектер де іліп әкетіп, қолдау көрсетіп жатыр. Игі бастамаларыңыз жалғаса берсін!

ДТІЖО: Ауэлбекова Г.У.