1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. » КГУ «общеобразовательная школа №102» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№102 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 3831719
Есепші бөлімі:
+7(727) 3835192
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
мамыр
2020

1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі.

Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет. 1 Мамыр -  Қазақстан  халқының  бірлігі  мерекесі. Сондықтан бұл мейрамның маңызы зор. Көктемнің соңғы айының бірінші күнін тойлау дәстүріне  айналған  мерекеде  мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндері, мектеп алды даярлық тобының таңсәріден жолдаған құттықтаулары мектеп ұжымын қуантып, мерейлерін бір көтеріп тастады. Осы періштелеріміздің күш-жігер беретін  жалынды ұранын Сіздермен де бөлісіп, мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Бүлдіршіндеріміздің асар асулары биік, армандары айқын болсын! 
Мектеп алды даярлық тобы жетекшісі: Курманбаева Талшын  Турдакиновна.