«Игі істер» науқаны бойынша «Жақсылық жасап жарысайық» шарасы » КГУ «общеобразовательная школа №102» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№102 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 3831719
Есепші бөлімі:
+7(727) 3835192
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Игі істер» науқаны бойынша «Жақсылық жасап жарысайық» шарасы
18
қазан
2024

«Игі істер» науқаны бойынша «Жақсылық жасап жарысайық» шарасы

Бүгін №102 жалпы білім беретін мектептің 11 «А» сынып оқушылары «Игі істер» науқаны бойынша «Жақсылық жасап жарысайық» шарасына қатысты. Шараның мақсаты – қарттарымызды құрметтеу, оларға қамқорлық көрсету және қоғамда жақсылық пен мейірімділікті насихаттау болып табылады. Сонымен қатар, бұл акция қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті нығайтып, жас буынға үлкендерді сыйлау мен қадірлеудің маңыздылығын көрсетуге бағытталған.
Шара барысында оқушылар қарияларымызға қажетті заттары мен тәттілерін ұсынып, оларға жылы лебіздерін білдірді. Асыл қарттарымыз да өздерінің алғыстарын жаудырып, бітіруші түлектерге жарқын болашақ тіледі.