06
сәуір
2020
№ 102 ЖББ КММ "Қашықтан оқыту"
Алматы қаласы Жетісу ауданы № 102 ЖББ КММ 1 А сыныбы оқушыларымен бірге қашықтан оқыту жұмысы. Әлемдегі төтенше жағдай орын алған тұста ІҮ-тоқсанда Қазақстандағы барлық мектептер қашықтан оқыту жұмысы ұйымдастырылып өткізіліп келеді. Қашықтан оқыту дегеніміз-мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта әр түрлі техника көмегі арқылы, интернет ресурстарының көмегі арқылы оқытудың формасы. Қашықтан оқыту балалардың зияты білім жүйесін ғана емес, өмірге қажетті, болашақта оқуға қажетті жаңа дағдыларды да қамти алатындығын дәлелдеді. Тапсырманы орындай отырып, бала: «Менің қолымнан келеді!», «Мен жасай аламын!» деп өзін-өзі жігерлендіреді. Сонымен қатар, баланың сабақ оқуға деген қызығушылығы мен ынта-жігерінің арта түскендігін күн өткен сайын байқай алдым. Сабақтың өздері күнделікті көріп жүрген мультфильм секілді қызықты болатынын көреді. Сабақта өзім қолданып жүрген әр түрлі әдіс –тәсілдер олардың сабаққа деген қызығушылығы мен ізденімпаздыққа тіреу бола алғанын түсіндім.Оларға сабақты өз бетімен бар ынта –жігермен орындау үшін күнделікті берілетін тапсырмаларды түрлендіріп отырамын.Атап айтқанда, «Сызбаны толтыр», «Көңілді басқатырғыш», «Суреттер сыры», «Табиғи және жасанды жарық көздері». Олардан сабақты қалай меңгеріп түсінгендерін білу үшін кері байланыс жүргізіп отырамын. Кері байланысты сурет арқылы, бейнеқоңырау, ватсап желісі арқылы жасап отырамын. Сабақ барысында оқушылардың бір –бірінің жауаптарын есту арқылы оны, өзара салыстыра отырып, өзінің қатесі болса лезде түзетуге тырысып, жолдастарынан бұрын жауап беруге ұмтылатындықтарын да жұмыс барысында көре алдым.Оқушы қашықтан оқу арқылы өзіне сенімді , әрі дос, жүргізуші әрі сырлас ұстазы екенін түсінеді. Мектеп табалдырығын биыл алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл оқу басында қиындау болатындай көрінді. Бірақ, жаңа заман талабына сай, ұялы телефон, не басқа да техникалық құралдармен жұмыс істеуге қызығушылықтары басым болғандықтан олар тез үйреніп кетті. Сонымен қатар, бұл оқу оларға тым қызықты болды. Сабақта түсінбеген тұстарын сілтеме арқылы іздеп, тауып бейнероликтерді көру арқылы олардың оқу белсенділігі күн сайын артып келеді.Сонымен қатар, «Балапан» телеарнасындағы күнделікті көрсетіліп отыратын бейнесабақтар мен қашықтан оқу сабақтары бір бірін жалғап өткізіліп отырғандықтан олардың сабаққа деген ынтасын,жігерін және олардың шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттаған алтын көпір секілді болып отыр.Сабақ барысында түсінбей қалған тұстары болса, бірден ұялы байланыс арқылы өз ойын толық айтып, түсінбеген тұстарын қорықпай,батыл түрде сұрай алатындығын байқадым. Қашықтан оқыту ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынастың ешбір жүйеге қарамастан беки түскендігінің тағы бір дәлелі болғандығын өзім күнделікті жүргізіп отырған жұмысымнан байқап отырмын. Қашықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушылардың жалпы білім деңгейін көтерумен өлшенеді. Сонымен қатар, қашықтан оқыту оқушылардың оқу және ғылыми ізденістерін арттырып,олардың әлемдік ақпарат кеңістігіне жол таба алуына осы жүйенің ұтымдылығы бар деп есептеймін. Искакова Гульмира Толеухановна
