05
ақпан
2021
Он күндік аясында №102 ЖББМ Жас мамандарымен тренинг өткізілді


«Жас маман! Әрбір бала – бір жұлдыз. Жарқырауына көмектес!»
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. «Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?» – деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат: айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба? – деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.